Түлектердің ағаш егуі
Бүгін, мектебіміздің 11-сынып Түлектері " Түлектердің ағаш егуі" тақырыбындағы эко челленджі бастап кетті Мақсаты: Түлектердің білім алған мектебіне, табиғатқа деген сыйы. Әрбір ағаш, табиғаттың сәні. Тамырланған ағаш сияқты, түлектеріміз де өмірлерінде өз орындарын тауып, еліміздің болашағына өз үлестерін қосса дейміз. Мектеп директоры Н.Койшиманова түлектерге ақыл-кеңесімен бөлісіп, болашақтарына жол сілтеді. Түлектер әр түрлі жеміс ағашын, мектеп ауласына отырғызды.