Заманауи мектеп» мектептерді жаңарту жобасы
Ағымдағы жылдың 13-14 шілде аралығында Павлодар облысында өткен тәрбие жұмысы мен қосымша білім беру мәселелері, балалардың құқықтарын қорғау және «Заманауи мектеп» мектептерді жаңарту жобасы бойынша тәжірибе алмасу семинар-кеңесіне қатысып келдім. Аталған кеңес Павлодар облысының “Балалар сарайында” өтті. 2025 жылға дейін Павлодар облысының 82 білім беру мекемесі «Заманауи мектеп» жобасы аясында жаңартылады. «Заманауи мектеп» жобасы аясында тек күрделі жөндеу ғана емес, құрал-жабдықтармен