31
октябрь
2024
Ата-аналарды қолдау сабағы
Мектебімізде 30.10 күні биылғы оқу жылына арналған ата-аналарды қолдау сабағы өткізілді. Тақырыбы: Бүкіл отбасы үшін пайдалы рацион. Мақсаты: Баланың салауатты өмір салтының шарты ретінде ата-аналардың теңдестірілген тамақтану мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету. Міндеттері: ата-аналардың дұрыс тамақтануды отбасылық дәстүрге айналдыруға деген ұмтылысын тәрбиелеу; рационның баланың денсаулығы мен әл-ауқатына әсері туралы атааналардың түсініктерін кеңейту; ата-аналардың отбасында дұрыс тамақтануды ұйымдастыру дағдыларын игеруіне ықпал ету. Қолдау сабағын мектеп директоры Н.Сейсенбаевна ата-аналарға бала денсаулығының негізінің мықты болуы оның тамақтануына байланысты екендігін айтты. Балалық шақта қаланған денсаулықтың іргесі адамның бүкіл кейінгі өмірінің сапасына әсер ететіндіктен, ата-аналарға дұрыс тамақтануға аса көңіл бөлуге шақырды. Мектептің ата-аналарды педагогикалық қолдау сабағының жоспары бойынша шығармашыл ұстаздар сабаққа толық дайындалып, ата-аналарға сабақты жүргізді, ата-аналардың ойын тыңдап, кері байланыс жүргізді. Дұрыс тамақтану принциптеріне назар аударылды. Сабақ барысында бейнебаян көрсетілді, «Онда не бар? Тап!» ойыны, топтық тапсырмалар, «Тәрелкені толтыр» ойыны ойнатылып, ата-аналарға арналған дұрыс тамақтану жадынамасы таратылды. Балалардың салауатты өмір салтының құрамдас бөлігі ретінде ата-аналардың тамақтану мәдениетін қалыптастыру жайында кеңестер берілді. Атап айтқанда, денсаулықты нығайту үшін пайдалы өнімдерді таңдау, дұрыс тамақтану тәртібін сақтау, отбасылық тағам дайындау әдістері туралы мәліметтер ұсынылды. Дұрыс тамақтану бүгінде әлемдегі денсаулық сақтау мәселелерінің бірі болып табылады, сондықтан отбасы үшін бұл тақырып ерекше өзектілікке ие. Баланың дұрыс тамақтануын ұйымдастыру үшін бірнеше маңызды ережелерді сақтау керек екендігі ескертілді.