25
май
2026
№5 педагогикалық кеңес
25.05.2026 жылы Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде кезекті №5 педагогикалық кеңес өтті.
Тақырыбы: «Білім алушылардың жеке білім беру бағыттарын жобалау және жүзеге асыру»Күн тәртібіндегі қаралған мәселелер:
1. 4-педагогикалық кеңес шешімдерінің орындалуы.
2. 2-11-ші сынып оқушыларының білім сапасының мониторингісі. Оқу бағдарламаларының жиынтық бағалаулардың орындалуы, модерация жұмыстарының қорытындысы 2025-2026 оқу жылының қорытындысы бойынша: 1). 1-4 сынып оқушыларының сыныптан-сыныпқа көшірілуі; 2). 5,6,7,8,10 сынып оқушыларын қазақ тілі емтиханына жіберу; 3). 9, 11 сынып оқушыларын мемлекеттік емтиханға жіберу.
3. Үйде оқытылатын оқушылардың оқытылу жағдайының қорытындысы.
4. Тәлімгер педагогтардың жылдық қорытынды есебі.
5. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының жүзеге асырылуы.
6. «Ауыл мектебі – сапа алаңы» жобасының алғашқы нәтижелері мен проблемалары туралы.
7. Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру. Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалысы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беруді ұйымдастыру.
Педагогикалық кеңес соңында шешім шығарылып, әртүрлі хабарламалар айтылды.







