30
декабрь
2024
Директор жанындағы кеңес
30 желтоқсан 2024 жылы Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде директор жанындағы кеңес болып өтті. Жиынға мектеп ұжымы толық қатысып, оқушыларды Қазақстандық патриотизмге, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге бағытталған тәрбие жұмыстарының орындалуы; ерекше қажеттілігі бар үйде оқытылатын және инклюзивті оқушылардың оқытылу жағдайы; 10 «А», 10 «Ә», 10 «Б», 11 «А», 11 «Б» сыныптарында жаратылыстану-математика және 10 «В», 11 «Ә», 11 «В» сыныптарында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша олқылықтарды толтыру және төмен көрсеткіштермен жұмыстарын тексеру; 5 сынып оқушыларының орта буынға оқытуда бейімделу деңгейін оқу-тәрбие процесінде тексеру қорытындысы; Республикалық оқушылар арасындағы пән аралық олимпиаданың мектепішілік І, ІІ кезеңдерінің қорытындысы сынды мәселелер қаралды. Қаралған мәселелер негізінде тексерулер мен қорытындылар нәтижесінде мектеп әкімшілігі тарапынан сабақтардың өз деңгейінде өтілуі, 5-сынып оқушыларының орта буынға оқытуға бейімделуі, білім сапасы төмен, тәртібі сын көтермейтін сыныптардың ата-аналарымен педконсилиум ұйымдастыру, ерекше қажеттілігі бар үйде оқытылатын және инклюзивті оқушылардың оқытылу жағдайын үнемі назарда ұстау, оқушылардың тәрбиесіне үнемі көңіл бөлу, олимпиадаға дайындық жұмыстары бойынша пән мұғалімдері мен сынып жетекшілерге бірнеше ұсыныстар айтылды.





