18
ноябрь
2022
Пәндер бойынша республикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі өткізілді.
Ағымдағы жылдың 17 қарашасы күні мектебімізде 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі өткізілді. Мақсаты: оқушылардың оқу- танымдық қабілеттерін ынталандыру, пәндік білімдерін тереңдету, оқушыларды аудандық олимпиадаға қатыстыруға іріктеу және дайындықтарын пысықтау. Олимпиаданың ашылу салтанатында мектеп директоры Қыстауов Болатбек Тәңірбергенұлы олимпиада қатысушыларын құттықтап, білім додасында ұстаздарынан алған терең білімдерін көрсететініне сенім білдіріп, сәттілік тіледі. Мектепішілік олимпиадаға жалпы білім беретін пәндер бойынша 139 оқушы қатысып, бағын сынады. Олимпиада қорытындысы бойынша 108 оқушы жүлделі орындарға ие болып, соның ішінде 42 оқушы І орынды иеленіп, аудандық кезеңге жолдама алды.
Аудандық кезеңге жолдама алған оқушыларымызға сәттілік тілейміз!