23
ноябрь
2019
Республикалық пәндік олимпиаданың І (мектепішілік) кезеңі
Владимир Савва атындағы #9 жалпы білім беретін мектеп-лицейінде қарашаның 23 күні Республикалық пәндік олимпиаданың І (мектепішілік) кезеңі өтті. Олимпиада мақсаты: жеке пәндер бойынша дарынды оқушыларды анықтау, пәндік білімін тереңдету және аудандық кезеңге дайындау. Олимпиадада 155 оқушы негізгі пәндер бойынша бақ сынады.