15
ноябрь
2019
Өзін-өзі тану пәні бойынша Республикалық олимпиада
Қарашаның 14 күні "Бөбек" Ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығында өзін-өзі тану пәні бойынша Республикалық олимпиаданың жабылу салтанаты болды. Владимир Савва атындағы №9 жалпы білім беретін мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы Әсілбек Жанеля ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Оқу ордамыздың білім алушысын жеңісімен құттықтай отырып, алдағы уақытта талай белестерді бағындыруына тілектеспіз.