Математика пәні мұғалімдерінің арасында «ҰБТ- ға дайындаудың тиімді жолдары» тақырыбы бойынша өткізілген әдістемелік тәжірибе алмасу отырысының анықтамасы
Математика пәні мұғалімдерініңарасында «ҰБТ- ға дайындаудың тиімді жолдары» тақырыбы бойынша өткізілгенәдістемелік тәжірибе алмасу отырысының анықтамасы
29.01.2018 жылы математика пәні мұғалімдерінің арасында әдістемелік тәжірибе алмасу отырысы өткізілді. Барлық математика пәні мұғалімдері қатысты.
Бұл отырыстың мақсаты ҰБТ- ға дайындаудың тиімді әдіс – тәсілдерін көрсету, қолдануға әдістемелік бағдар беру, білім сапасының жақсаруына жағдай жасау. Отырыс барысында ҰБТ- да кездесетін кейбір есептердің шығарылу жолдары қарастырылды. Атап айтқанда:
- комбинаториканың негізгі элементтері
- мәтіндік есептерді шығару
- сандық амалдар мен дәрежеге есептер
- функцияның мәндер жиынын табу
- модулі бар теңсіздіктерді шешу
- тригонометриялық теңсіздіктерді шешу
- стереометрия есептерін шешу
- кері тригонометриялық функцияларға қатысты есептерді шешу
Бұл есептердің шығарылу жолдары бойынша математика пәні мұғалімдері өз іс – тәжірибелерімен бөлісті. Мурадова Г. өз іс – тәжірибесін мәтіндік есептерді шығару, дәрежеге байланысты, тригонометриялық теңсіздіктерді шешуде бөліссе, модультаңбасымен берілген теңсіздіктерді шешуде К. Танкеева өз тәжірибесін ортаға салды. Кері тригонометриялық функцияларға байланысты есептердің шығарылу жолдарын Н. Байтанаева түсіндіріп өтті. Осылайшатәжірибе алмасудың арқасында ҰБТ есептерін шығарудың тиімді жолдарын алдағы уақытта оқушыларды дайындау барысында қолданатындықтарын пән мұғалімдері атап айтты. Соның нәтижесінде оқушының білім деңгейін көтеруге, есептер шығару дағдыларын дамытуға септігін тигізетіндігіне сенім білдірді.