Мектеп директоры Б.Қыстауов Жаңартылған білім беру мазмұны – заман талабы
Қыстауов Болатбек Тәңірбергенұлы
директор
№9 Савва атындағы орта мектебі
Меркі ауданы
Жамбыл облысы
Жаңартылған білім беру мазмұны – заман талабы
Қазіргі кезде білім беру жүйесінде жасалып жатқан реформалар білім мазмұнын жаңарту және өсуден тұрақты даму кезеңіне өтуге бағытталған. Мектеп жүйесін дамытуға қажетті білім мен дағдыларды меңгеріп, алған білімін өз мектебінде қолдану арқылы бүкіл мектеп шеңберінде өзгеріс жүргізуге ықпал ету көшбасшылығын қолға алуы тиіс. Көшбасшылықты жүргізу арқылы олар мектеп тәжірибесіне өзгеріс енгізуге мүмкіндік алады. Мен де жинаған мәліметтерге сүйеніп, «Өз мектебінің дәл қазіргі жағдайы өзгеріске мұқтаж ба? Мектебінде қалыптасқан жағдай оқуға деген ниетті арттыра ма? Беріліп жатқан білім қазіргі заманның талабына сай ма?» деген сұрақтары төңірегінде талдау әрекетіне ата – ана, мектеп әкімшілігі, мектеп мұғалімдерін , басқа да өкілдерді тарту іс-әрекетін ұйымдастырдым.
Мектепте өзгерістер енгізу мақсатында мен атқарылатын іс-шараны іске асыру үшін бірлесіп жұмыс атқаратын команда және ортақ проблемаларды ынтымақтастықпен шешу мақсатында кәсіби қоғамдастық пен желілік қауымдастықты құрдым. Олардың арасынан іс – әрекеттегі зерттеу жұмыстарын, коучинг үдерісін жүзеге асыратын мұғалімдерді таңдадым. Оқушы мен мұғалімнің оқуына қолайлы орын дайындап, іс –шараларды көретін қолдаушы топ жасақталады.
Көшбасшылықты мектеп тәжірибесінде қолдана отырып,өз әріптестеріне қолдау көрсетуге, мектебінде бірлескен кәсіби білімді құруға пән негіздерін оқытуды жаңаша ұйымдастыруға күш жұмсады. Жаңаша ұйымдастыру барысында оқушыларды қазіргі ақпараттық қоғамда табыспен өмір сүруге қалай дайындауға болатынын, белсенді, сындарлы оқытудың тиімді тәсілдеріне қалай тартуы қажет екендігін түсіндірді.Сындарл оқытудң тиімді тәсілдерін меңгере отырып, мұғалімдердің балаға жеке пәндер бойынша меңгерген білім,білік,дағдыны емес, өмірлік дағдыларды үйретуі керектігін ұғындырады.
Үйрету жолында мұғалім оқушыларға оқу материалын бұрынғыдай дайын күйінде ұсынбай, баланы өздігінен ізденіп, өзіне қажетті білімді іздестіруге керекті қасиеттермен қаруландыруы тиіс деген түсінікті қалыптастырды.бұл түсінікті қалыптастыруда мен мұғалімдерге жаңаша оқытудың бағытын ұсыну арқылы ықпал ету жұмыстарын күшейттім. Ықпалдылық танытуда коучинг арқылы әріптестер арасынла белсенді өзара әрекеттестік даму үдерісін жүргіздім. Даму үдерісі барысында оқыту тәжірибелерін бірлесіп ойластыру, идеялармен алмасу, кәсіби білімді дамыту, іс-тәжірибені жетілдіру ісін жүзеге асырды. Мен коучинг арқылы мұғалімдердің кәсіби білімін жетілдіріп қана қоймай, анағұрлым сапалық деңгейге көтеріле алуына ықпал етіп, игерген дағдылары арқылы сапалы білім беріп, оқу сапасын арттыруына көмектеседі деген тұжырымға келдім. Тәжірибе барысында мұғалімдер дамыту жұмысын жүргізу барысында рефлексияны, жоспар құруды, кеңес беруді біртіндеп жүзеге асыру арқылы қолдау таба алды деп есептеймін.
Біліктілік пен шеберлігімізді ұштастырып, жас ұрпақты әлемді мойындататын рухани биікке көтеру біздің басты міндетіміз