12
май
2017
МЕКТЕПТЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТЫҢ ЖҮЙЕСІ
МЕКТЕПТЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТЫҢ ЖҮЙЕСІ
Педагог мамандрдың кәсіби деңгейін ұдайы көтеріп отыру, олардың теориялық білімі мен әдістемелік білігін үздіксіз жетілдіру, оқытудың озық әдіс-тәсілдерімен қаруландыра отырып, шығармашылық жұмыстарына жол көрсету, яғни мұғалім мамандығын жетілдіру – нәтижеге бағытталған әдістемелік жұмыстың негізгі міндеті болып табылады.Әдістемелік жұмыс – мектептегі оқу-тәрбие жұмысын басқарудың негізгі саласы. Оған жоспарлау, ұйымдастыру, әдістемелік көмек көрсету, басшылық және бақылау жатады. Әдістемелік жұмысқа қойылатын негізгі талап – әдістемелік жұмысты үнемі жетілдіру, оның ғылыми негізі оқытудың сапасын, оқушылар білімінің деңгейін көтеру мақсатында оқудың барысына дәл бағытталады.
Мектептегі әдістемелік жұмыс – өзінің ғылыми-теориялық және әдістемелік дайындығы мен кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында мұғалімдердің жүйелі түрде жүргізетін ұжымдық және жеке іс-әрекеттері.
Тақырыбы: «Инновациялық әдіс-тәсілдерді,жаңа технологияларды енгізу арқылы шығармашыл,дарынды тұлға тәрбиелеу»
Мектептегі әдістемелік қызметтің мақсаты – мұғалімдер мен сынып жетекшілеріне оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде, оларды шығармашылық әрекетке баулуда білім беру саласындағы жаңалықтарды, озық педагогикалық тәжірибені зерттеп, жинақтап, таратуда, кәсіби біліктілігі мен теориялық білім деңгейін көтеру ісінде нақты ғылыми-әдістемелік көмек көрсету .
Мектептегі әдістемелік жұмыстардың негізгі міндеттері:
• <!-- [endif] --> Мектептің педагогикалық ұжымы іс-әрекетінің жаңашылдық бағыттылығын қалыптастыру.
• <!-- [endif] --> Мұғалімдердің теориялық және педагогикалық –психологиялық даярлық деңгейін көтеру;
• <!-- [endif] --> Оқыту мен тәрбиені ұйымдастырудың жаңа формаларын, әдістерін педагогикалық технологиялармен байыту;
• <!-- [endif] --> Мұғалімдерге педагогикалық білімін өз бетінше көтеру жолдарын үйрету;