13
апрель
2026
11-сынып түлектерімен түсіндірме жұмыстары.
М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 11-сынып мектеп бітіруші түлектермен ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мектеп басшысы Н.Сейсенбаевна оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында жолдағы қауіпсіздік, мектеп бітіру кешіндегі қауіпсіздік жұмыстарын түсіндіріп өтті. Артық ақша жиналмауы, машинамен серуенге шықпауы, түнгі-күндізгі уақытта бос жүрмеуі, сабақтан себепсіз қалмауы жайында барынша түсіндірілді..