13
январь
2020
«Біз – еліміздің жарқын болашағымыз» тақырыбында өткізілген жаңа жылдық шырша мерекесі
Владимир Савва атындағы №9 жалпы білім беретін мектеп – лицейінде «Біз – еліміздің жарқын болашағымыз» тақырыбында өткізілген жаңа жылдық шырша мерекесінің анықтамасы
Владимир Савва атындағы №9 жалпы білім беретін мектеп-лицейінде жаңа жыл мерекесін ұйымдастыру бойынша бұйрық жасалынды. «Біз – еліміздің жарқын болашағымыз» тақырыбында мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды.
Балалардың өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мұғалімдер мен мектеп инспекторымен кезекшілік кестесі жасалынды.
Қысқы мерзімде оқушылардың жолда жүру және мұз үстінде жүру қауіпсіздігі бойынша ата-аналар жиналысы, оқушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Төтенше жағдайлардың алдын алу, өрт қауіпсіздігін сақтау жұмыстары жүргізілді.
Мереке қарсаңында және мерекеден кейінгі уақытта күндізгі және түнгі рейдтар ұйымдастырылып, рейдке жауаптылар бұйрығы шығарылды.
Ата-аналарға қысқы демалыс кезінде балалардың өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жауапкершілік жүктелді және қол хаттар алынды.
Мерекелік іс–шарасы 24–27.12.2019 ж аралығында ұйымдастырылды. Тақырыпқа сай әр сынып өз мерекелік іс – шараларын өткізді. Аяз ата, ақшақар және де кейіпкерлердің рөлдерін мұғалімдер, ата – аналар, оқушылар ойнады. Әр сынып өздерінің концерттік номерларын, әндерін шырқап, билерін билеп жаңа жыл кешін көңілді де қызықты етіп өткізді. Шырша мерекесі өз уақытында басталып, өз уақыттарында аяқталды.
27.12.2019 жылы сағат 15:00 – де 10 – 11 сыныптардың жаңа жылдық кеші өткізілді.
Сонымен бірге мектебімізге 11 сынып оқушыларының «Жаңа жыл шыршасына» Меркі ауданының білім бөлімінен Мадина Болысбекқызы қатысып, оқушыларға жылы лебізін білдірді. Және де жаңа жыл ханшайымы мен ханзадасын да таңдау барысында мектебіміздің директоры мен Мадина Болысбекқызы марапаттады. Сонымен қатар 11 сынып оқушылары өздерінің ән, би өнерлерін көрсетті. Жаңа жыл мерекесі жақсы деңгейде өткізілді.