26
ноябрь
2019
«Құқық бұзушылықтың алдын алу » атты тақырыбында профилактикалық әңгімелер іс-шарасы
2019 жылы 25 қараша айында Меркі АПБ-нің бастығы полиция подполковнигі Н.Ахмедов «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу» тақырыбында Жамбыл облысы Меркі ауданы Владимир Савва атындағы №9 жалпы білім беретін мектеп-лицейінде оқушылармен профилактикалық кездесу ұйымдастырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Түсіндіру жұмысы барысында оқушыларға мектеп ережесін сақтау, сабаққа кешікпей келу, сабақтан себепсіз қалмау, «Смартфон» яғни ұялы телефондарды мектепке алып келуге тыйым салынатыны туралы және түңгі мезгілде ата-ананың жетелеуінсіз көшеде жүрмеуін, бөтеннің мүлкін ұрламауға және мектеп оқушылардың қатаң түрде тексеріліп, күн сайын мектепшілік рейд жүргізілетіні туралы айтылды.