14
май
2017
№9 В.А.Савва атындағы орта мектебінің «Мирас» атты жедел іс-шарасы бойынша өткізілген құқық қорғау органдарымен кездесудің Анықтамасы
№9 В.А.Савва атындағы орта мектебінің «Мирас» атты жедел іс-шарасы бойынша өткізілген құқық қорғау органдарымен кездесудің
Анықтамасы
№ 9 Савва атындағы орта мектебінде 2017жылдың 26 қаңтарындаАудан әкімінің жанындағы кәмілетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының мүшесі: М.Рамаданов
Меркі АІІБ-нің жергілікті полиция бөлімінің ювеналдық полиция тобының аға инспекторы: Д. Омарова
Меркі АІІБ-ң ЖПҚ ЮПТ-ң мектеп инспекторы полиция капитаны:А.Алишев
қатысуымен 9-10 сынып оқушыларының арасында кездесу өткізілді.
ДҚТЖО:С.М.Сейсенбаева құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында ағымдағы жылдың 25-27 қаңтар аралығында «Мирас» атты жедел алдын алу іс-шарасы өтетіні туралы хабарлап кетті.
Аға инспекторы: Д. Омарова «Мирас» атты алдын алу профилактикалық жедел іс-шаралар барысында жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.12 айдың ішінде жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың өскені туралы айта келе, ата-ананың қарауынсыз беймезгіл уақытта көшеде жүруіне, өзінен жасы үлкен ересек балалармен араласуына, рұқсатсыз далаға шығуына, себепсіз сабақтан қалуына, сонымен қатар кешкі уақытта мейрамханаларда үлкендердің қарауынсыз жүруге болмайтынын ескертті.Жасөспірімдерге кәмілетке жасы толмағандардың жауаптылығы туралы мән жайлар ҚР қылмыстық кодексінің VІ бөлімінде кеңінен қарастырылғаның аталған заңның 78 бабына сәйкес кәмілетке толмағандар деп қылмыс жасаған кезде 14 толған, бірақ 18-ге толмаған адамдар танылады,яғни қылмыстық жауаптылық 14 жастан басталатынын айтты.Жасөспірімдердің ата-ананың қарауынсыз мешітке баруға, мектепте дәстүрлі емес діни ағымдар бойынша насихат жүргізуге және хиджаб киімін киюге болмайтындығын айтты.
3-ші мәселе бойынша: Мектеп инспекторы: А.Алишев оқушыларға тұрмыстық жағдайдағы зорлық-зомбылықтар жайлы, оның алдын- алу барлығында заң шеңберінде жүзеге асатындығын айтып өтті, және зорлық-зомбылық 4 бағытын атап өтті,сондай құқық бузушылыққа барған жағдайда заң алдында жауап беретіндігін айтты. Кәмілет жасына толмаған жасөспірімдер арасында қылмыстың, зорлық-зомбылықты болдырмау үшін түнгі сағат 22-00-де көшеде жүруге тиым салынатынын ескертіп өтті.Оқушыларға жол ережесінің қауіпсіздігін түсіндірді.