№9 Савва атындағы орта мектебінде алғыс айту күніне арналған «1 Наурыз күні» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді. » "Общеобразовательная школа-лицей имени Мухтар Ауезова"
№9 Савва атындағы орта мектебінде алғыс айту күніне арналған «1 Наурыз күні» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді.
№9
Савва атындағы орта мектебінде алғыс
айту күніне арналған
«1
Наурыз күні» тақырыбында мерекелікіс-шара өткізілді.
Өткізілген іс-шараға Сарымолдаев ауылдық округінің әкімі К.А.Смайлов,аудандық
этно-мәдени бірлестігінің басшылары Н.Джаршуев, А.Александрович, А.Османов, А.Хейроев
қатысты. Іс-шараны орыс тілі мен әдебиет пәнінің
мұғалімі Р.Идрисова және
химия-биология пәнінің мұғалімі
И.Авдонькина өткізді. Іс-шараны 6 сынып оқушылары У.Рыжова мен Г.Керимбекова ашты. Жүргізуші Р.Идрисова көрермендермен амандасып,алғыс күнімен құттықтады. Сөз кезегі Сарымолдаев ауылдық ауылдық округінің әкімі К.А.Смайловқа
берілді.Ол өз сөзінде бұл мейрам жаңа мейрам екендігін және
елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен бекітілген мейрам екенін атап өтті. 11 сынып оқушысы С.Абдулова М.Джамильдің
«Варворство» тақырыбындағы өлеңін оқыды. Келесі сөз кезегінде №9 Савва атындағы орта мектебінің директоры
Б.Қыстауов мерекемен құттықтап, өзінің сөзінде бұл мерекенің ерекшелігіне тоқталды.Бұл мереке достықтың , сыйластықтың, сенімділіктің
нышаны деп сөзін аяқтады. Келесі сөз кезегі аудандық этно-мәдени бірлестіктің басшылары:түрік
диаспораларының төрағасы А.Османов өзінің сөзінде қандай қиыншылықтарды бастан өткізгенін,1944ж қиын соғыс кезінде қазақ халқы қол ұшын созып,бір нанды бөлісіп жегендігін айтып,қазақ халқына ризалығын білдірді. Әр бір қонақтың сөйлеген сөзінен кейін оқушылар өнерлерін көрсетіп,
тамашаланды.Бейнероликтер көрсетіліп,ұлттық билер билеп,өлеңдер оқып,өз
өнерлерін көрсете білді. Іс-шараның өтілу мақсаты:балалардың
«сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту,үлкен-кішіге деген
сүйіспеншілігін дамыту.Балаларды әдептілікке,кішіпейілдікке,ізеттілікке
тәрбиелеу болып табылады. «Мәңгілік елдің» құндылығын ашу.