Ата - аналар жиналысы » "Общеобразовательная школа-лицей имени Мухтар Ауезова"
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Мұхтар Ауезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 24-39-00
Есепші бөлімі:
+7(7263) 24-39-00
Версия
для слабовидящих
26
апрель
2017

Ата - аналар жиналысы

№9 В.А.Савва атындағы орта мектебінде ақпан айында 10 сынып ата-аналарымен өткізілген жиналыстың

Хаттамасы

Күні: 24.02.17 ж  Меркі ауданы, Сарымолдаев ауылы

Қатысқаны: мектеп әкімшілігі, психолог, 10 сынып оқушыларының ата-аналары

Күн тәртібі: 1.Бала - біздің болашағымыз

                     2. Бала қауіпсіздігін ұйымдастыру

                     3. Ата-аналарға жаднама

Мақсаты: ата-аналарға балаларының болашағына немқұрайлы  қарамау,  әрқашан да көмек қолын созу, баланың көңіл күйін бақылау, өзімнің ізбасарым, өмірімнің жалғасы деп қарау.

Жиналыстың тақырыбы: Бала - біздің болашағымыз

Бірінші  мәселе бойынша мектеп директоры Б.Қыстауов ата-аналарға мектепте «Синий кит», «Тихий дом» ойындарының зияндығын түсіндіру бойынша оқушылармен қандай жұмыстар жүргізіліп жатқандығына тоқталып өтті. Ата-аналарға әлеуметтік желілер арқылы «Синий кит», «Тихий дом» және т.с.с. жасөспірімдер бейтаныс адамдармен байланысқа түсіп, олардың психикалық мінез-құлықтарына әсер ететін жаттығулардан кейін өздеріне-өзі қол жұмсауға(тамырларын кесу арқылы) ұмтылатындығы туралы ескертті. Қорытынды сөзінде мектеп ережесінің 4.1 тармағына сәйкес оқушыларға смартфондар, планшеттер, бағалы заттарды мектепке әкелуге тиым салынатындығын туралы айтты. Балаларының бос уақытысын тиімді пайдалануды ұйымдастыруды тапсырды. Олардың келешегін тереңірек ойлауды, бала біздің болашағымыз екенін бүгінен бастауды түсіндірді.

Екінші мәселе бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Анисова алып ата-аналарға шығыстың ғұлама ғалымы Әл-Фараби: «жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін деген сөзін айта келіп, ата-аналар өз балаларын өмірге даярлауға ерекше көңіл бөлуі тиіс екенін. Қазіргі балалар елдің ертеңгі болашағы екенін түсіндірді. Балапан қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата да қыран болу керек. Тәрбиенің алғашқы бастамасын бала жанұядан алатындығын айтып өтті.

Үшінші мәселе бойынша мектеп психологі П.Байтугелова ата-аналарға жадынама таратып, ішінде жазылған кеңестерді түсіндірді.

Шешімі:

1. Жасөспірімдердің күнделікті әлеуметтік желілерге кіруін бақылау, мектепке смартфондар, планшеттер әкелуге тиым салу және оны қадағалау ата-аналарға жүктелсін.

2. Біздің жастар елімізді, жерімізді, тілімізді бүкіл әлемге паш етсін десек жаңа заманға лайық тәрбиелейік. Баланың көңіл- күйін әрдайым бақылап көмек қолын созу.

3.Жадынамадағы кеңестерге әрдайым көңіл бөлу.

 

Похожие публикации:

06 декабрь 2021 Мектеп тарихы
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив