15
май
2017
«Діни сауаттылық –қоғамның тұрақты дамуының негізі» тақырыбында кездесу өткізілді.
Хабарлама
№9 В.А.Савва
атындағы орта мектебінде 2017жылдың 23 ақпанында
Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы А.
Ахметжанов, Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы М.Рахимов,
Жамбыл облысы әкімдігі Дін проблемаларын зерттеу орталығының Меркі ауданы
бойынша инспекторы, Жастар ресурстық орталығының аға кеңесшісі
Б.Жұмасетов, Аудандық білім бөлімінің
әдіскері М.Қасымова, ата-аналардың
қатысуымен «Діни
сауаттылық –қоғамның тұрақты дамуының негізі» тақырыбында кездесу өткізілді.
Кездесу
барысында мектеп директоры Б.Қыстауов ата-аналарға мектеп ережесін айта келіп,
кәмелетке жасы толмаған оқушы сабақ кестесіне сай аптаның жеті күнінде де, мектепте сабақта отыруын, Заң бәріне ортақ
екенін түсіндірді. Ата-ана Заңды орындамаған
жағдайда ҚР-ның Әкімшілік
кодексінің 127 бабын негізінде жауапқа тартылатынын
ескертті.Сонымен бірге оқушы 10 күннен
астам себепсіз сабақты босатқан жағдайда, оқушының ата –анасы әкімшілік жауапқа тартылатыны туралы қосымша
түсіндіріп өтті.
Аудан
әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы
А.Ахметжанов Қазақстан Республикасы Конституциясының
1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы басты құндылықтары адам, оның өмірі,
құқықтары мен бостандықтары болып табылатын демократиялық, Зайырлы, кұқықтық
және әлеуметтік мемлекет ретінде өзін орнықтырғанын түсіндіріп,қазіргі кезде өз
баласының жан-жақты білім алуына
ата-аналар үлкен көңіл бөлуі қажет екенін айтып түсіндірді.