№9 Владимир Савва атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Қош келдің, әз Наурыз!» атты тақырыбында өткізілген мерекелік іс-шара Анықтамасы
№9 Владимир Савва атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Қош келдің, әз Наурыз!» атты тақырыбында өткізілген мерекелік іс-шара
Наурыз Жыл басы. Наурызда күн мен түн теңеледі, жаңа күн басталады. 22 наурыз – бүкіл шығыс халықтарының мерекесі. Оны қазақ халқы ертеден тойлап келеді. Мектебімізде 2018 жылы 20 наурыз күні «Қош келдің, әз Наурыз!» атты тақырыбында мереке өткізілді. Ұлыстың Ұлы Наурыз мерекесіне мектебімізге аудан әкімі Өмірбеков Мейірхан Азатұлы, аудандық білім бөлімінің басшысы Есенов Сәкен Бөрібайұлы, «Аула» клубының жетекшісі Жарашуев Нұрлан және ауылымыздың сыйлы ақсалдары мен азаматтары, мектебіміздің ардагер ұстаздары мен ата – аналар қонаққа келді. Құттықтау сөз аудан әкімі Өмірбеков Мейірхан Азатұлы және мектебіміздің директоры Қыстауов Болатбек Тәңірбергенұлына берілді.
Мерекемізге Қыдыр ата ат арбасымен, жиренше шешен, әжелер, қыздар конаққа келіп, әжелер мерекемен құттықтап, шашу шашып, Қыдыр ата бата берді.
Мектебіміздің домбыра үйірмесі жанынан құралған домбырашылар ансамбльі «Күй Шашу» күйін орындап, оқушыларымыз «Наурыз думан», «Наурыз көктем», «Батырлар» әнін шырқап, «Білезік», «Гәкку» билерін биледі. 8-10 сынып оқушылары қазақ ұлтының «Алдар Көсе мен Қожанасыр», «Тұсау кесу», «Біз шаншар» салт-дәстүрлеріне көрініс көрсетті.
Наурыз «Табиғат мейрамы» деп те аталады. Себебі, бір жағынан, көшпелі тұрмыс кешкен, екінші жағынан, жартылай отырықшы болған қазақ халқының өмірінде табиғат – ананың бұл мерекесі ерекше орын алады. Адамдар ауласын тазалап,үйдің, ауылдың көшелеріне ағаш көшеттерін отырғызады, бұлақтың көзін ашады. Сөйтіп, адамдар: «табиғат – анамен бірге жаңа өмір басталады!» деп, құрметті қонақтарымызды және 8 сынып оқушыларын мектеп ауласына ағаш егу рәсіміне шақырдық.
Келген қонақтарды, ұстаздарды, оқушыларды және ата-аналарды «Қара жорға» биін билеуге шақырды. Келген қонақтарамыз белсене қатысып, би биледі. Іс-шара соңында барлықтарын мерекелік дастарханға шақырып, наурыз көже таратылды.