№9 Владимир Савва атындағы жалпы білім беретін мектебінде 2018 жылдың 1 наурыз «Алғыс айту» күніне орай өткізілген іс-шаралар Анықтамасы
№9 Владимир Савва атындағы жалпы білім беретін мектебінде 2018 жылдың 1 наурыз «Алғыс айту» күніне орай өткізілген іс-шаралар
Анықтамасы
Мектебімізде 1-Наурыз Алғыс айту күні орай аудандық білім бөлімінен келген жоспарды басшылыққа ала отырып, жоспар жасалынып бекітілді.
Мақсаты: Балалардың сыйластық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру, үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту, әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу. 1 наурыз – Қазақстан Республикасы Ассамблеясының құрылған күні. Президенттің айтуынша, жыл сайын дәл осы күнді елімізді мекен ететін барлық ұлттар мен ұлыстардың бір-біріне, оларды туғанындай бауырына басқан қазақтарға алғыс айтатын күні ретінде атап өтсек әділетті болады екен.
Мектеп психологтары және пән мұғалімдері «Рахмет сізге» тақырыбында бұрыш жасап, онда адамдардың бір-біріне деген ыстық ықыластарын білдірді. Сынып жетекшілер «Алғыс- ризашылық белгісі», «Алғыс айту парызым», «Болашақ бүгіннен басталады», «1 марта - День Благодарности» тақырыптарында сынып сағаттарын өткізді. 1.03.18ж күні мектептің 8 сынып оқушылары таңертең ұстаздарға арнап «Ыстық дәліз» лебізін білдірді. Мектепке кірген ұстаздарына алғыстарын, рахметтерін айтты.
1 наурыз Алғыс айту күніне орай «Алғыс айту - парызым», «Қайырымды көршіге рахмет» тақырыбында Қазақстан халқы ассамблеясы мүшелерімен, этномәдени бірлестіктер өкілдерімен кездесу өткізілді. Кездесуге халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы Абдыкасымов Шорман Төреханұлы, Абайханов Азрет Хусеинович, қарачай ұлтының өкілі Шидаков Бимырза Топалаевич, Дургалова Хампаша Таштамировна, зейнеткер Луценко Николай Николаевич келді. Келген қонақтарға сөз берілді. Олар ұстаздарды, оқушыларды, елімізді, жерімізді мерекемен құттықтап, алғыстарын білдірді. Кең байтақ Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тұрып жатыр, бұл қазақ халқының ұлылығынан, «Кең болсаң, кем болмайсын» дегенде қазақ халқының пейілнің, кеңдігінен, басқа ұлт өкілдірінің тұрып жатқын жайы бар. татулық, бірлік, келісім- ең асыл іс кез келген ел үшін Қазақстан азаттық алғалы бері осы ұранды ту етіп келеді. Қазақ халқының бауырмалдылығын арқасында көптеген халық тату-тәтті өмір сүруде. Олар Қазақстанын өз Отаны санайды. Байлықтың ең үлкені- халықтар достығы. Біз осы достықты нығайтып, бір-бірімізді құрметтеп, еліміздің ертеңі үшін қызмет етуіміз керек деді қонақтар. Осы қадірлі қонақтарға арнап оқушылар өз өлеңдерін оқып, әр ұлт өкілдерінің биін – билеп, дәмді дастархан жайылды. Кездесу соңында қонақтар оқушыларға ризашылығын білдіріп, естелікке суретке түсті.
5 сынып жетекшілер «Алғыс айту парызым» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатқа оқушылардың ата-аналары және зейнеткер ұстаздар қатысты. Оқушылар мәнерлеп өлендірін оқып, би билеп, аналарына, ұстаздарына алғыс білдіріп, рахмет айтты.