№9 В.А. Савва атындағы орта мектебінде «Отанымыздың белгілі ұлдары» тақырыбында өткен кездесудің анықтамасы
№9 В.А. Савва атындағы орта мектебінде «Отанымыздың белгілі ұлдары» тақырыбында өткен кездесудің анықтамасы
Өткізілген күні: 17.01.2018ж
Қатысқаны: 86 оқушы, мектеп әкімшілігі
Мақсаты: Рухани жаңғыру аясында ауданымыздағы аты танымал тұлғалардың өмірі туралы оқушыларға баяндау.
17.01.2018 жылы мектебімізде рухани жаңғыру аясында « Отанымыздың белгілі ұлдары » атты кездесу өтті. Кездесуге Меркі ауданының белгілі қоғам қайраткері «Ботпай ата» кітабының авторы, ардагер журналист, жазушы Бектұрған Жамбабаев. Аудандық «Меркі тынысы» газетінің бас редакторы қызметін атқарған, қазіргі таңда қоғамдық кеңес төрағасы Құралбаев Серік. «Аула» клубының жетекшісі, ардагерлер арасындағы еркін күрес бойынша әлем чемпионы атағын иеленген, ауданымыздың құрметті азаматы Жарашуев Нұрлан. Меркі аудандық ауған соғысы ардагерлер кеңесі қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ауған соғысының ардагері, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тағайындаған «Ерлігі үшін» медалінің иегері Ошақбаев Бауыржан. Жамбыл облысы бойынша «100 жаңа есім» тізіміне енген, Меркі ауданының жергілікті полиция қызметінің аға сержанты, көпбалалы әке Арыстанбаев Ғалым Қазыбекұлы келіп қатысты.
Кездесу барысында қонақтарымыз өздерінің өмірден жинаған іс-тәжірибелерімен бөлісті. Жеке тоқтала кетсек Құралбаев Серік ағамыз редакторлық өміріндегі қызық оқиғаларымен бөлісті. Жарушиев Нұрлан ағамыз жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Бектұрған Жамбабаев ағамыз жазушылық шабыттандырған, қолына қалам алуына Отанға деген сүйіспеншілік екендігін атап өтті. Ауған соғысы ардагері Ошақбаев Бауыржан ағамыз сұрапыл соғыстың КСРО халқына әкелген үлкен қиыншылықтарына тоқталды. Сол кездегі майдан өмірінен сыр шертті. Бүгінгі таңда жастардың барлық мүмкіншіліктері бар екендігін, жер бетінде соғыс болмасын, бейбітшілік заман болсын деген ізгі тілегін білдірді. Көпбалалы әке атанып отырған Арыстанбаев Ғалым ағамыз бір қыз бала асырап аламын деп, білдей балалар үйінен сегіз баланы асырап алғандығы туралы айтты. Тағы бір айта кететін жайт балалардын барлығы әр ұлт өкілдері екендігі алға тартылды. Қазіргі таңда барлығы 11 бала бір үйде тату тәтті өмір сүруде. Ғалым ағамыз Жамбыл облысы бойынша «100 жаңа есім» тізіміне еніп, елбасының қабылдауында болған әсерімен бөлісті. Қонақтарға оқушылар тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, артынша жауабын алып жатты. Сонымен қатар Меркі өңірінен шыққан есімдері аңызға айналған ұлы тұлғалар өміріне тоқталып өттік. Қ.Сарымолдаев, Т.Рыскулов, Т.Қожакеев, А.Асқаров, Н.Омашов, А.Қоразбаевтың шығармашылығы туралы айтылды. Мектеп оқушысы Дойка В. өз нақышына келтіріп Құрманғазының күйін орындаса, 8 сынып оқушылары А.Қоразбаевтың сөзіне жазылған «Сарыарқа» әнін шырқады. Мектеп директоры Б.Т.Қыстауов келген қонақтарға өз атынан құттықтау сөз сөйледі. Ауданымыздың белгілі ұлдары оқушыларымызға өздерінің рухани азықтарымен бөлісіп, болашақ жастарға үлгі ретінде айтқан ізгі тілектері үшін алғыс білдірілді. Кездесу соңында естелікке суретке түсті.