Өнеге мен өсиет
Өнеге мен өсиет
№9 В.А.Савва атындағы орта мектебінде 2017 жылғы қазанның 5 күні қарттар күніне орай «Өнеге мен өсиет» тақырыбында ата-апалармен кездесу өткізілді. Кездесудің мақсаты оқушыларға ұлттық қадір-қасиеттер, имандылық, үлкенді қадірлеу, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсету керектігін түсіндіру. Оқушыларды еңбекті сүюге, Отанымыздың білікті де білімді адал азаматы болуға тәрбиелеу. Кездесуге зейнеткерлер Қыстауов Тәңірберген ата, Шидаков Асланбек ата, Шаргинов Дүйсенқұл ата, Дургалова Ханпаша апамен зейнеткер ұстазымыз Жадраева Тоқтагул апке қонақта болды.
Кездесу барысында 4 сынып оқушысының орындауында «Әке – ана» әнін ата-апаларымызға тарту етті.
Қария ата-апаларымыз өздерінің өмірі жайында оқушыларға көптеген мәліметтер берді. Оқушылар қария ата-апаларымызға өздерінің көкейіндегі сұрақтарын қойып, ұлағатты өсиет сөздерін тындады. 10 сынып оқушысы Абатбай Сымбаттың орындауында М.Мақатаевтың «Мен қарапайым қарттарды сүйемін» өлеңін тамашалады. Сонымен бірге мектебіміздің дарынды оқушысы Дойка Валентина Махамбеттің «Жұмыр қылыш» күйін орындады. Қарттарымыз өнегелі де, өнерлі оқушыларымыздың өнерлеріне тәнті болып, Қазақстанның болашағы жарқын боларына үлкен сеніммен қарады. Кездесу соңында қарттарымыз оқушыларға өздерінің ақ баталарымен өнеге өсиеттерін шын көңілден тарту етті.