03
сентябрь
2017
№9 В.А.Савва атындағы орта мектебінде 2017 жылғы 1 қыркүйек – Білім күніне орай өткізілген «Мен – өз Отанымның патриотымын!» атты салтанатты жиыны
№9 В.А.Савва атындағы орта мектебінде 2017 жылғы 1 қыркүйек – Білім күніне орай өткізілген «Мен – өз Отанымның патриотымын!» атты салтанатты жиыны
Мақсаты: Оқушыларды Отанды сүюге, туған жерге аянбай еңбек етуге, тағлымы мол тарихымызды, ұлттық салт-дәстүрлерімізді құрметтеуге баулу, Білім күнін оқушыларға сезіндіру, сағына күткен алтын ұя мектеппен қауыштыру, алғаш мектеп табалдырығын аттағалы отырған шәкірттерді мектеп қабырғасымен таныстыру, жаңа ғимараттың ашылу салтанатын ұйымдастыру.
Елбасының «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» жолдауында әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағыты бойынша бірінші кезекте апатты мектептер мен үш ауысымда оқыту проблемаларын шешу тапсырмасын берген болатын. Осыған орай бүгін Сарымолдаев ауылында сән мен сәулеті жарасқан көз сүйсініп көңіл қуантатын 600 орындық ғимаратының ашылуы мен 1 қыркүйек – Білім күніне орай «Мен – өз Отанымның патриотымын!» атты салтанатты жиыны өткізілді.Жаңа ғимараттың ашылу салтанатына Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Орынбеков Бекболат Серікбекұлы, аудан әкімі Өмірбеков Мейірхан Азатұлы, Құрылысшы мердігер «Тараз құрылыс дизайн» Жеке шаруашылық серіктестік басшысы Манашов Тимур және мектебіміздің ардагер ұстаздары мен ата – аналар қонаққа келді.
Олар мектебіміздің ұстаздарын, оқушыларын бүгінгі жаңа ғимараттың ашылуымен және Білім күнімен құттықтап, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын насихаттап, оқушыларға өз елінің патриоты болуға шақыра отырып, сабақтарын жақсы оқып, тәртіпті, үлгілі болуға шақырды. Сонымен бірге мектебіміздің оқушылары жаңа ғимраттың ашылуына және 1 қыркүйек – Білім күніне арналып ән, би, күй орындалып, жалғасын тапты. Алғашқы қоңырау соғу рәсімі 11-сынып оқушысы, мектебіміздің мақтанышы Аманов Сұңқар мен 1-сынып оқушысы Маджитова Айлинге берілді.
«Мен – өз Отанымның патриотымын» атты тәрбие сағаты өткізілді. Барлық сынып жетекшілер балалардың деңгейіне байланысты «патриот» деген кім, ол қандай адам деген сұраққа анықтама бергізді. Патриот –ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан, салт-дәстүрін дәріптейтін, ұлттық қадір қасиетімізді арттыруға үлес қосатын, саналы тұлға екені түсіндірілді. Сонымен бірге жоғарғы 10-11 сыныптарға мектептің акт залында ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты интерактивті сабақ жүргізілді. Сабақтың идеясы рухани жаңғыру құндылықтарын дамыту. Мектеп директоры Б.Т.Қыстауов ашық тәрбие сабағын жүргізе отырып, әрбір қазақстандықтың тұлғалық дамуы үшін үшінші жаңғыру мүмкіндіктерін талқылап өтті.
«Қазақстан-2050» стратегиясының маңызы мен мақсатында «Мәңгілі Ел» идеясын түсіндіре отырып, өз Отанының патриоты болу үшін қандай еңбек етуге болатынын талқылай отырып оқушылармен ой бөлісті. Тақтадағы Н.Ә.Назарбаевтың «Халық өмірі өның келесі ұрпағымен жалғасып отырада. Сондықтан Халықтың Мәңгілігі туралы арманнан асқан арман жоқ. Мәңгілік Ел- бұл ертеңгі күнге есік ашатын, болашаққа сенім арттыратын идея, бұл кері қайтпайтын және берік тұрақтылықтың символы...» деген қанатты сөздерді оқушылар терең ұғып, түсіне білді. Оқушылар «Болашаққа бағдар» видеофильмін көрсетті. «Мәңгілік Ел» идеясының жеті құндылығы, азаматтық –патриоттық ұстанымын сипаттайтын адамның қасиетін анықтау бойынша оқушыларға сауалнама таратылды. «Атамекен» әнін оқушылар үлкен мақтанышпен орындады.
Қазақстан Республикасының Конституциясына деген мақтаныш сезімді ояту - және
құрметпен қарау керек екендігін толық түсіндірді.