№9 В.А.Савва атындағы орта мектебінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздерінің 25 жылдығы
№9 В.А.Савва атындағы орта мектебінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздерінің 25 жылдығы
Мақсаты:оқушыларды аса маңызды мемлекеттік белгілер- рәміздермен жан-жақты таныстыру, ұлттық рәміздердің әрбір бөлшектеріне қысқаша шолу жасау; оқушыларға мемлекеттік рәміздердің аса маңызды екенін, оны құрметпен мақтан тұту керектігін ұғындыру, ой өрісін кеңейту, Отанды сүюге, рәміздерді құрметтеуге үйрету.
Мемлекеттік рәміздердің 25 жылдығын мерекелеуге арналған жоспар құрылып, бекітілді. Осыған орай мектеп кітапханашылары «Рәміздер тарихы» тақырыбында стенд жасаса,тарих пән мұғалімі Е.Садыков 10 сынып оқушыларымен «Мемлекеттік рәміздер – елдігіміздің мақтанышы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Қазақ тілі пән мұғалімдері «Елімнің рәміздері-Егемендігіміздің айғағы» тақырыбында 9-11 сынып оқушылар арасында шығарма байқауын өткізді.
1-11 сынып жетекшілер «Рәміздер тарихы», «Мемлекеттік рәміздер-мақтанышымыз», «Қазақстан Республикасының рәміздеріне 25 жыл», «Государственные символы- национальная гордость Казахстана», «Наши символы- наша гордость» т.б. тақырыптарында сынып сағаттарын өткізді.
Мектебімізде ҚР Мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына арналған «Мемлекеттік рәміздер –ұлттық мақтаныш» тақырыбында жиын өткізілді. Жиынға «Достық» лагерінің 1-7 сынып оқушылары мен сынып жетекшілері қатысты. Жиында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимннің орындалды. Оқушылар Ту, Елтаңба, Гимн туралы орысша, қазақша тақпақтар айтып, 4 сынып оқушысы Асхатұлы Бекнұр «Жаса Қазақстан» әнін орындап, 3 сынып оқушылары би биледі.
Жүргізушілер оқушыларға Рәміздерге байланысты викториналық сұрақтар қойып, оқушылар жауап берді. Соңында оқушылар «Көк тудың желбірегені» тақырыбында бірыңғай флешмоб биледі.