Науқан:Өмір тамаша! Босқа қауіпке жол берме!»ұранымен өткізілді.
Мақсаты: Баланы оның денсаулығына зиян келтіретін ақпараттың, насихат
пен үгіттің теріс ықпалынан қорғауға қоғамның назарын аудару болып табылады. Жоспар
бойынша ата-аналармен оқушылар үшін тақырыптық стендттер рәсімделді. Онда
«Сенім жәшігі», «150 телефоны»,
ата-аналарға арналған психологиялық кеңестер берілген. Мектеп психологтары балаларға психологиялық көмек
көрсететін мекемелердің байланыс деректері бар ақпараттық парақшалар таратылды.
Жоспар бойынша мектептің информатика пәнінің мұғалімі Н.Күнбасова «Интернетте
қауіпсіздік қалай қамтамасыз етеді» тақырыбында ата-аналарға тақырыптық
парақшалар дайындап әр сынып жетекшесіне және ата-аналарға таратты. Онда «Қазақтелеком» АҚ –ның «ата-ана бақылауы», қызметі.
Балаларыңызға арналған қауіпсіз интернет –деген сияқты тарифтік желі түрлерімен таныстырды.П.Байтугелова «Біз
өмірді таңдаймыз!» тақырыбында оқушыларға жадынама таратты. Жадынамада Қожа Ахмет Иассуидің сөздері «Не болса да
сабыр қыл» деген сөздерін басшылыққа ала отырып, оқушыға кеңестер, өзін сүюді, қолдауды,
тазалыққа жақын болуды жарнамалады.
«Балаларды бірге сақтайық!»,
«Сенім телефоны», «Көмек қалай сұрау керек?»,
«Кімге жүгіну керек?» тақырыбында стенд
жасалынды. «Әр бала Қатыгездік және зорлық зомбылықсыз балалық шаққа құқылы»,
«Хабарласыңыз! Көмектесеміз», «балалық шақ қорғалуда» тақырыптарында
А.Алимбекова мен А.Жанабаева оқушыларға ақпараттық парақшаралар таратты. Онда
«Детство без жестоки и слез» , «Бақытты балалық шақ» тақырыптарында балаларға
керекті нұсқаулықтар жазылған.
Сонымен бірге мектептің муз.жетекшісі Ж.Медетова ата –аналар комитетінің
төрайымымен бірге флешмоб ұйымдастырды.
Ата-аналар балаларымен бірге шаттанып, алғыстарын білдірді.
Сынып жетекшілер тарапынан да «Өмір тамаша!», «Босқа қауіпке жол берме»
тақырыбында дөңгелек үстелдер өткізсе, Меркі ауданының прокуроры Жүсіпбай
Мақсат Кенжеханұлы, мектеп инспекторы А.Алишев, мектеп әкімшілігімен бірлесе отырып, баланы оның денсаулығына зиян
келтіретін әлеуметтік желілердің теріс ықпалынан қорғау мәселелері бойынша әңгімеледі. Әлеуметтік желілердегі «Синий кит», «Тихий дом», ойындарының
зияндығы жайында 5-10 сынып оқушыларына түсіндіріп, айтып өтті.
Мектептің модераторы А.Шайтаков 5-11
сыныптар арасында кесте бойынша интернетте қолайлы тәртіп моделдері бойынша
бейне роликтер көрсетті. Онда сайдқа кірген кезде баланың психологиясы
бұзылатыны, интернеттің балаға зияны, кірген кезде баланың, ересек адам көп
өзгеріске түсетіні жайында көрсетілді
Сынып жетекші Г.Елубаева мектептегі
сынып жетекшілермен «Интернетте балалардың қауіпсіздігін қалай қамтамассыз
етеміз» тақырыбынды коучинг жүргізді. Коучингте интер тақта арқылы слайдтар көрсете
отырып,интернетте балалардың қауіпсіздігін қалай қамтамассыз ету туралы түсінік
енгізуді қауіпсіздікті сақтау жұмысын ұйымдастыру жолдарын көрсетті.
Тарих пәнінің мұғалімдері С.Пакрадинова мен Е.Садыков ата-аналарға, оқушыларға
құқықтық оқыту жұмыстарын жүргізсе,
психологтар мұғалімдермен, оқушылармен «Эмоция әлемі», «Мен өзімді мақтан
етемін» тақырыптарында тренингтер жүргізді және ата-ағалармен жеке кеңестер
жүргізді.
Мектептегі әлеуметтік педагогтар А.Жунисова мен И.Музарапова алғашқы жедел
көмек көрсету барасында үйлерін аралап, мұқтаж балаларға көмек көрсетті. Оқушылар:
Рыжова М.Баркова, Чумакова, Шукирова, Мустафева ,Жарылқасын, Дойка, Назарғали
сынды оқушыларға сырт киім, аяқ киім берілді.