№9 В.А.Савва атындағы орта мектебінде «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні» тақырыбында өткізілген іс-шара
№9 В.А.Савва атындағы орта мектебінде «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні» тақырыбында өткізілген іс-шара
Мақсаты: Өскелең ұрпақты патриотизм рухында, жоғары мәдени-адамгершілік құндылықтарға, Қазақстанның тарихы мен мәдениетін құрметтеуге және қоғамда бірлік пен келісімді сақтауға тәрбиелеуге, басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету.
Бұл күн - әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі. Халық бірлігі мерекесі күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихы мен оның сабақтарын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді.
Осыған орай мектебімізде Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеуге арналған іс – шараның жоспары құрылып, бекітілді.
29 сәуір күні «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні» тақырыбында фестиваль өткізілді. Мектеп директоры Б.Қыстауовқа құттықтау сөзі беріліп, оқушыларды, ұстаздарды, барша Қазақстан халқын бірлігі күнімен құттыптап, тілектер айтты.
Фестивальға 5 – 10 сынып оқушылары белсене қатысты. Әр сынып өзге ұлт өкілдерінің ұлттық өнері мен ұлттық тағамдарын таныстырып, сол ұлттың ұлттық биін билеп, көрініс көрсетті.
Фестиваль соңында мектеп директоры І орынға ие болған 5б (қырғыз), 5в(якут), 6а(өзбек), 8б(өзбек) сыныптарын, ІІ орынға 8в(грек), 5г(украин), 7а(молодован), ІІІ орынға ие болған 10а(монғол), 9а(ұйғыр), 9ә(өзбек), 10ә(поляк), 6б(белорус) сыныптарын марапаттап, қалған сыныптарды номинациямен марапаттады.
9-11 сыныптар арасында «Бірлігі жарасқан Қазақ елі» тақырыбында шығармалар байқауы өткізілді.
1-11 сынып жетекшілері «1 мамыр- Халықтар бірлігі күні, Ынтымақ достық кепілі», «Единство Казахстана-в дружбе народов», «1 мая –День народов Казахстана», «Ынтымақ - достық кепілі» тақырыптарында сынып сағаттарын өткізді.