01
июнь
2017
№9 В.А.Савва атындағы орта мектебінде «Сыңғырла, соңғы қоңырау»
№9 В.А.Савва атындағы орта мектебінде «Сыңғырла, соңғы
қоңырау»
атты салтанатты жиын
Мақсаты: 2016-2017 оқу жылының аяқталуы,
11-сынып түлектерінің мектеп қабырғасында 11 жыл білім алып, білім нәрімен
сусындаған ыстық ұя мектебін қимастықпен қоштасуға арналған салтанатты жиынды
әсерлі, көңілді өткізу. Жас түлектердің естерінде мектеп қабырғасы мәңгілік
есте қалуына жағдай жасау.Таңғы
сағат 9:00 де мектеп алаңында «Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты салтанатты жиын
өткізілді. Жиынымызға Аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі С.Т.Бөпиева, аудан
әкімдігінің спорт және денешынықтыру бөлімінің басшысы А.Османов, Гумилев
атындағы университеттінің студенті Гайдаров, ата-аналар, ұстаздар, мектеп
бітіріп кеткен түлектер қонаққа келді.
Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Гимннің орындалуымен ашылды. Оқу жылының аяқталуымен мектеп директоры Б.Т.Қыстауов
келген қонақтарды, ұстаздарды, мектеп түлектерін, оқушыларды құттықтай отырып,
биылғы жылдың жетістіктерімен бөлісе отырып үздік оқушыларды, дарынды
оқушыларды, спортшыларды марапаттап өтті. Өз сөзінде оқушыларға 2016-2017 жылдың аяқталуымен
құттықтап, барлығына жазғы демалысты жақсы өткізіп, келесі оқу жылында көріскенше
деп сәттілік тіледі. Келесі құттықтау сөзінде мектебіміздің 11 сынып
түлектеріне ең алдымен қорытынды аттестациядан және ҰБТ-дан сүрінбей өтулеріне, содан кейін жоғары оқу
орындарына түсіп, биік белестерден
көрінуіне тілек білдірді. Сонымен қатар жиынымзға келген қонақтарымызғада
құттықтау сөзі берілді.Мектебіміздің домбыра үйірмесі жанынан құралған
домбырашылар ансамбльін халық күйі «Тепен көк»,Сексеновтың «Мереке» күйлері,
мектеп вальсі, ұстаздардарға арналған , 1 сыныптың жаңартылған білім мазмұнымен
шындалып отырған бүлдіршіндеріміз өз өнерлерін көрсетті.
Жиында мектебіміздің үздік оқушылары мен дарынды оқушылар
грамоталарымен марапатталды. Салтымызға айналған 1 сынып бүлдіршіндері мен 11
сынып мектеп түлектері бір-біріне деген естелік сыйлықтарын тарту етіп, 1 сынып
оқушылары би билеп, 11 сынып түлектер қоштасу вальсін биледі.
Соңғы қоңырау соғу салтанаты мектептің 11 сынып- үздік,
тәртіпті оқушылары Өзбекбаев Эдуард
пен Абдулова Софьяға, 1 сыныптың үздік
оқушылары Мавлюдова Айлин мен Бақберген Абдыбақытқа тапсырылды.
Жиын соныңда жас түлектер «Қош бол,
мектебім менің» әнін орындап, бірыңғай ақ кептерлері мен түрлі түсті шарларын
ұшырды.