11
сентябрь
2017
«Отбасы – бақыт мекені» атты апталық
№9 В.А.Савва атындағы орта мектебінде 2017 жылғы 5 – 11 қыркүйек аралығында өткізілген «Отбасы – бақыт мекені» атты апталық
Жамбыл
облысы білім басқармасының 2017 жылғы 14 тамыздағы №02- 2830 хатын назарға ала
отырып, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Елбасы
Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген Қазақстанда Отбасы күнін мерекелеу
шеңберінде 2017 жылғы 5 – 11 қыркүйек аралығында «Отбасы – бақыт мекені» атты
Республикалық апталық өткізілуде.
Осыған орай мектебімізде Отбасы күніне арналған «Отбасы - рухани
жаңғыру негізі» ұранымен «Отбасы
– бақыт мекені» атты апталықтың іс –
шаралар жоспары жасалып, бекітілді.
05 – 06 қыркүйек аралығында «Менің жанұям» тақырыбында стенд жасалып,
онда оқушылардың отбасымен түскен суреттері ілінді. Ең жақсы түсірілген суреттер мадақталып, мақтау қағаздары берілді.
Әлеуметтік педагогтар мен үйде оқытатын мұғалімдер жетім және ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қайырымдылық акцияларын өткізді.
Директордың құқықтық тәрбие жөніндегі орынбасары С.Сейсенбаева және мектеп инспекторы Ә.Зиятбек ата – аналар және оқушылармен құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Халқымыздың аяулы ұлы Бауыржан Момышұлы кезінде былай деп мұңайған екен: «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім. Енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Немересіне ертегі айтып беретін әжелердің азабынан қорқам. Дәмді дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келе жатыр. Оның қолына қылыш берсе, кімді де болса, шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әке-шеше жоқ» деген екен. Сондықтан бала тәрбиесін мектеп, ұстаз, ата-ана болып бірігіп бірге нығайту.Отбасы мүшелер арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру,үлкенді сыйлауға, сыпайы ілтипатты болуға тәрбиелеу басты мақсатымыз. Халқымыздың сан ғасырдан белгі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты- балада» деген екен. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі данқпен, атақтан, мансаптан, қызметтен іздестіреді. Адамға нағыз бақытты тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек.
«Отбасым – менің қуатым» тақырыбында флешмоб ұйымдастырылды. Онда ата-аналар балалармен бірге бірыңғай флешмоб биледі.
Дене шынықтыру пән мұғалімдері «Мен, сен, ол – салауатты жанұямыз!», «Жанұям қорғаным, ата-анам тірегім!», «Әр отбасы- бір әлем», «Өнегелі отбасы» тақырыптарында спорттық отбасылық эстафеталар өткізді.
Мектеп психологтары «Аяулы алақан» тақырыбында ата-аналар арасында тренингтер мен сауалнама өткізді.
Сынып жетекшілер Үркіншиева Г, Амангельдиева С. «Отбасы – аяулы алақан мекені» тақырыбында оқушылармен бірге пікір-сайысын өткізді. Сайыстың мақсаты отбасы, отбасысының бала тәрбиесінде алатын орны, ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру. Баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі ой салу. Пікір-сайыс барысында видеоролик көрсетіліп, оқушылар отбасы деген сөзге өз ойларын айтып, сұрақтарға жауап берді.
«Отбасы – шанырақтың айнымас тіреуі» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатына 15 ата-ана, 10 оқушы қатысты. Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалы мен қалыптасатынын әр ата-ана да, оқушы да өз сөздерімен еркін жеткізе білді. Тәрбие отбасынан басталатынын ескере отырып, оқушыларға отбасы туралы жан-жақты мағлұматтар берілді. Адам бойындағы мейірімділік, адамгершілік сезім ең алдымен туған бауырлары мен ата-анасына деген махаббаттан басталатынын оқуышларға түсіндіру үшін қанатты сөздерді талдап, бейнекөрсетілім көрсетілді. Беріліп отырған сұрақтарға ата-аналар да, оқушылар да жүйелі түрде жеткізе білді. Оқушылар отбасы туралы өлеңдерін мәнерлеп айтып, отбасына деген мейірімін ояту үшін «Ана», «Әкешім» әндерін орындады.