«Қарапайымдылық жасыл алқап, адамгершілік олда өскен гүл
сияқты»-деп қазақ жерінен шыққан түркі тілдес халықтар ақыны
Ахмет Иүгнеки айтпап па еді?! Қазіргі заманда қарапайым да, адамгершілігі мол
жандар саусақпен санарлықтай десек те болады. Өзінде бар болып, өзге мұқтаж
адамдарға көмектесу екінің бірінің қолынан келмейтін іс. Дегенмен де қазіргі
таңда мектебініздің мөлтек ауданында жомарт жандарбар болғанына қуанамыз.1 тамызбен 30 қыркүйек аралығында мектебімізде «Мектепке
жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.
Іс-шараның жоспары құрылып, жүйелі түрде өтуіне мектеп директоры Б.Т.Қыстауов
баса назар аударып отырды. Осылайша мектебімізде қамқорлықты қажет ететін, әулеметтік
отбасы төмен жанұя балаларына бар қолымыздан келген көмекті аямауға тырыстық.
Мөлтекауданымыздағы қол ұшын беруге дайын
жандардын көмек сұрадық. «Кішіпейілдің абыройы асады, тәкаппардың құты қашады»
дегендей, мейірімді кәсіпкерлердің арқасында аз қамтылған отбасы балаларына
қолдау көрсетілді. Атап айтатын болсақ, «Мақпал» дүкенінің иесі, жеке кәсіпкер
Р. Қыстауов 25.000 тенге, кәсіпкер Б. Музарапов 10.000 тенге,
Т.Душабаев5000 тенге көлемінде қолдау
көрсетті. Қазіргі таңда да акция өз жалғасын табуда. Бұл іс – шараға ата-атаналар
да, мұғалімдер өз ниеттерін білдіріп, қолдау көрсетуде. Осындай ішкі жан
дүниелері кішілік пен кісілікке толы қайырымды жандарға айтар алғысымыз шексіз.
Ол кісілердің отбасыларына аманшылық, жұмыстарына табыс тілеп, жаны жомарт
жандарға мектеп әкімшілігі, ата – атаналар, ұстаздар атынан көптен – көп алғыс
айтамыз. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген осы емес пе?!
№9 Савва атындағы орта мектебіндегі әлеуметтік педагогтар