Владимир Савва атындағы №9 жалпы білім беретін мектепте ақпан айының 26-2 наурыз аралығында өткізілген «Мәңгілік ел құндылықтары» атты іс-шараның анықтамасы
Владимир Савва атындағы №9 жалпы білім беретін мектепте ақпан айының 26-2 наурыз аралығында өткізілген «Мәңгілік ел құндылықтары» атты іс-шараның анықтамасы
2017-2018 оқу жылында мектепішілік жоспарға сай 8-сынып оқушылар арасында іскерлік ойыны өтті. Мақсаты: Жас ұрпақтың Отанға деген патриоттық сезімін ояту. Отанына адал қызмет етуге, «Мәңгілік ел» қасиетті ұғым екеніне көз жеткізу, мәңгілік ел құндылықтарымен таныстырып,болашаққа сенім қалыптастыру, шығармашылық ізденісті, шешендік сөйлеу өнерін қалыптастыру. Кіріспе сөз : 2014 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауынан «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы . Ол- «Мәңгілік Қазақстан» жобасы , ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті», - деп бастады. Қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу мен Мәңгілік елдің құндылықтары » - деп елбасымыздың сөзімен аяқтады.
Сайыс 5 бөлімнен тұрды. 1.Таныстыру.Топтың атын таныстырып. Презентация қорғау (2-3 мин ) 2. Сұрақ-жауап.Әр топқа 5- сұрақтан. 3.Конверттегі сұрақтар. 4.Шығармашылық жарыс. 5.Шешендік өнер үлгісі.
Ойынға үш топ қатысты. І – топ» Астана « , ІІ- топ «Мәңгілік ел» , ІІІ-топ «Туған ел». Әр топ мүшелері ойынға белсене қатысып, жағдаяттан шыға білді. Атап айтсақ: Мәнерлеп оқу байқауында Айдарбек Арнат 8 «А» сынып, Өсербаева Майра 8 «Б» сынып оқушысы өлеңді нақышына келтіріп оқыды. Өтемісова Аида 8 «Б» сынып оқушысы «Қазақстанның тәуелсіздігі,Астана қаласы» туралы ерекше тұсау кесер жасады.
Қортындылай келе 8-сынып оқушылар арасындағы өткізілген іскерлік ойыны жоғарғы дәрежеде өткізілді. Қазылар топ ұпайларын жариялады. І-орын «Астана» тобы, ІІ- орын «Мәңгілік ел» тобы, ІІІ-орын «Туған ел» тобы – деп жеңімпаздарды марапаттады.