Владимир Савва атындағы №9 жалпы білім беретін мектепте ақпан айының 19-24 аралығында өткізілген «Тіл-достықтың алтын көпірі» атты ана тілі апталығының анықтамасы
Владимир Савва атындағы №9 жалпы білім беретін мектепте ақпан айының 19-24 аралығында өткізілген «Тіл-достықтың алтын көпірі» атты ана тілі апталығының анықтамасы
Мақсаты: Жас ұрпақты өз ана тілін қадір тұтып,отаншылдыққа, адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу. Елімізде тұратын ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достықты, ынтымақтастықты дәріптеу. Отанға деген патриоттық сезімін ояту.
Мектебімізде ана тілі апталығын мерекелеуді және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары жасалып бекітілді. Жоспар бойынша апталықтың ашылуын қазақ тілі бірлестігінің жетекшісі Г.Тулекова және пән мұғалімдері «Тіл –достықтың алтын көпірі» тақырыбында 5-10-сыныптар арасында ашылу салтанаты болып өтті.Жиынның ашылуын Жұмабай Сексеновтың «Мереке» күйімен ашылды.Сахнада 7 « В,Г» сынып оқушылары «Оқырмандар пікірі» атты сақналық қойылым көрсетілді.Қойылымның мақсаты тілге,ана тіліне деген сүйіспеншілігімізді арттыру. 3 «Г» сынып оқушысы Сафонова Анастасия «Ана тілі» әнін нақышына келтіріп,ұлттық киімде орындады.8 «Ә» сынып оқушылары «Қазақ хандығының құрылуы» атты сахналық қойылымды көрсетті.Сахнада қазақстан жерін мекендейтін әр ұлт өз ана тілінде мәнерлеп өлең оқып,ән айтып,би биледі.
Жоспар бойынша екінші күні ағылшын тілі бірлестігі жетекшісі Л.Сырлыбаева және пән мұғалімдері «Поле чудес», «The wonder I and» Интеллектуалды ойын өткізді.Бұл ойынды өткізудегі мақсаты оқушылар ағылшын тілінде өз ойларын жеткізіп,қойылған нақты сұрақтарға жылдамжауап беріп өз білімдерін байқады.
Келесі
кезекте математика,физика,информатика бірлестігі жетекшісі Г.Оспанова және пән
мұғалімдері «Өзбек халқының салт-дәстүрлері» туралы іс-шара өткізді.
5-8 сынып оқушылары өзбек халқының
әнін,биін және ұлттық тағамдарын насихаттады. Келесі іс-шара тарих пәні
бірлестігінің жетекшісі Е.Садыков және пән мұғалімдері «Түрік халқының
салт-дәстүрлері» туралы іс-шара өткізді.5-8 сынып оқушылары түрік халқының
әнін,биін,ұлттық тағамдарын,қызға құда түсу дәстүрлерін көрсетті.
Жоспарға сай өткізілген апталықтың салтанатты жабылуын орыс тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің жетекшісі Қ.Сұлтанғазиева және пән мұғалімдері «Посиделки», «Масленица» өткізді. Орыс халқының салт-дәстүрін насихаттады. Оқушылар орыс халқының әнін частушки, биін орындап ана тілі апталығын салтанатты түрде аяқтады.
Қорыта айтқанда ана тілі апталығы өз дәрежесінде өтті. Әр ұлт өз ана тілінде өлең жырлар оқып, әр халықтың салт- дәстүрін, ұлттық тағамдарын көрсетті. Оқушылар өз ана тілімен қоса қазақ тілін де ұмытқан жоқ. Қазақ тілінде ән айтып, сахналық көріністер көрсетті.