Владимир Савва атындағы №9 жалпы білім беретін мектепте Кеңес әскерлерінің Ауғаныстан жерінен шығарылған күнін мерекелеуді және өткізу жөніндегі іс – шаралар анықтамасы
Владимир Савва атындағы №9 жалпы білім беретін мектепте Кеңес әскерлерінің Ауғаныстан жерінен шығарылған күнін мерекелеуді және өткізу жөніндегі іс – шаралар анықтамасы
Мектебімізде Кеңес әскерлерінің Ауғаныстан жерінен шығарылған күнін мерекелеуді және өткізу жөніндегі іс – шаралар жоспары жасалып, бекітілді. Жоспар бойынша мектеп кітапханашылары «Ауған соғысы жүректерге жара салды» тақырыбында көрме ұйымдастырды. Көрмеге ауған соғысының ардагерлері мен құрбан болған жерлестеріміз жайында кітаптар, рефераттар қойылды. Сынып жетекшілер 1 – 4 сыныптар арасында «Ауғаныстан – жүректегі жара», 5 – 7 сыныптар арасында «Ауғанның асуында от кешкендер», 8 – 11 сыныптар арасында «Ауған соғысы ақиқаты» тақырыптарында сынып сағаттарын өткізді. Олар сынып сағаттарын ауған соғысы ардагерлерін еске алу үшін 1 минуттық үнсіздікпен бастады. Сонымен бірге оқушыларға ауған соғысы жайында мағұлмат берді. 9 – 10 сыныптар арасында «Боздақтарды қыршыннан қиған жалын» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Қонаққа ауған соғысының ардагерлері Шарафутдинов Асхат, Аяпбергенов Қайрат, Ахмеджанов Қадыржан келді. Олар өздерінің Ауған жерінде болған оқиғалары жайында әңгімелеп берді. Оқушыларға «Асылдың асылы едің...» тақырыбында ауған соғысының ардегерлері жайлы видео көрсетілді. Келген қонақтарға оқушылар өздерінің өздерінің ойында жүрген сұрақтарын қойды. Ауған соғысын өз көздерімен көрген олардың жан – жарасы әлі жазылған жоқ, мәңгі естерінде. Кездесу соңында сонау Ауған жерінде қару асынып мұң арқалаған сын сағаттарда бірін - бірі бауыр дескен ардагерлер бүгінгі болашақ жастарға деген ізгі тілектерін білдірді.
Сонымен қатар, 8 – 10 сыныптар арасында алғашқы әскери дайындық жетекшісі , дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері мен муз. жетекшілерінің ұйымдастыруымен кеңес әскерлерінің ауғаныстан жерінен шығарылған күніне және ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерге арналған «Ал, қане жігіттер» байқауы (спорттық, өнерлі) өткізілді. Спорттық жарыстар бірнеше бөлімнен өткізілді. Олар: тир ату, канатқа шығу, аттан секіру, кедергілерден өту, газтұмылдырық киіп, жарақат алған адамға көмек көрсету. Оқушылар спорттық жарыста белсенділік танытып, барлығы бірдей ат салысты. Жарыс соңында жеңіске жеткен топтар мадақталып, марапатталды.