Владимир Савва атындағы №9 жалпы білім беретін мектебінде ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туылған күніне орай өткізілген «Поэзия шыңының Хантәңірі» атты әдеби кештің Анықтамасы
Мақсаты:М.Мақатаевтыңөмір жолымен, шығармашылығымен оқушыларды таныстыру;Отанды, туған жерді сүюге тәрбиелеу, ақын жырларынан үлгі алу; оқушының сөйлеу мәдениетін дамыту.
Мектебімізде 2018 жылдың 8 ақпан күні қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаевтың шығармаларына арналған «Поэзия шыңының Хантәңірі» атты кеш өткізілді. Әдеби кешімізде 10 сынып оқушылары ақынның «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын сахналық қойылым ретінде көрсетті. «Поэзия – жүрек тілі» бөлімінде 6-10 сынып оқушылары Атабек Аян, Оразбай Ақжүніс, Битенова Алина, Усербаева Майра, Шонаева Дәулетбике, Асқарбай Қаламқас, Жақсылық Диана, Әсілбек Жанель, Әзімхан Аяулым, Серікбай Ақерке, Абатбай Арайлым, Бекболат Аружан, Оразбай Ақжібек, Қашарбек Аружан, Уалиева Аружан, Аманова Эльнура, Зинаддин Меруерт ақын өлеңдерін нақышына келтіріп мәнерлеп оқыды. «Құлақтан кіріп бойды алар» бөлімінде ақынның сөзіне жазылған «Бақыт деген» әнін 2 «Г» сынып оқушысы Муралиева Айша , «Туған өлке» әнін 8 «Ә» сынып оқушысы Пірәлі Ұлдана, «Сен көріктісің» әнін 8 «Б» сынып оқушысы Керамадин Асар орындады. Кеште оқушылар өздерінің белсенділіктерін танытып, жақсы өнер көрсете білді.