23
апрель
2022
Ата- аналар жиналысы
Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінің 11 сынып оқушыларының ата –аналарына 22.04. күні сағ15.00-де өткізілген жиналыстың
№8 Хаттамасы
Күні.22.04.2022 жыл, сағ 15.00
Қатысқандар: Мектеп директоры, әкімшілік, сынып жетекшілер, ата-аналар
Күн тәртібінде қаралатын мәселелер:
1. Мектеп бітірушілерге жалпы орта білім туралы аттестатын тапсыру кештері білім беру ұйымының қабырғасында ұйымдастырылуы.
2. Мектеп бітірушілер мен олардың ата-аналарынан ақша жиналмауы.
3. Сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу.
4. Балалардың өмір қауіпсіздігін қамтамассыз ету.
1. Мектеп директоры Б.Қыстауов бүгінгі, Меркі ауданы білім бөлімінің №490 хаттамалық тапсырманың негізінде, мектеп бітірушілерге жалпы орта білім туралы аттестатын тапсыру кештері білім беру ұйымының қабырғасында ұйымдастырылатыны жайында толық түсіндірді. Салтанатты жиын, АКТ залында 1 сағаттық уақытта өткізілетінін ескертті. Оған ешқандай киім тіккізбеу керектігін, бірыңғай мектеп формасында болатынын. Жиынан кейін көңіл көтеретін орындарға бармайтынын ескертті. (кафеге, тауға, үйге және басқа да орындар да).
2. Мектеп бітірушілер мен олардың ата-аналарынан ақша жиналмауы жайында да мектеп басшысы ата-аналарға қатаң ескертті. Мектепке сыйлық, сынып жетекшіге сыйлық беруге тыйым салынатынын түсіндірді. Ешқандай сыйлық, дастархан сияқты қошеметтің керек емес екенін айтып өтті. Мұғалімдердің Заңды айлықтары бар, мемлекет төлеп отырғанын түсіндірді.
3. Сыбайлас жемқорлық саяси әлеуметтік қиын құбылыс екені жайында 11-сыныптың сынып жетекші Дүйсекулова Райса ата-аналарға тереңірек мәліметтер беріп өтті. Сыбайлас-жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың саяси қайраткерлердің сатысындағы ретінде сипаттайды. Сыбайлас жемқорлықты қалай жоюға болатыныны жайында да түсіндіріп өтті. Міндетті түрде әрдайым тәртіп сақтап, Заңды бұзбау керектігін ескертті.
4. Балалардың өмір қауіпсіздігін қамтамассыз ету бойынша мектеп басшысы ата-аналарға айтып өтті. Онда мейрам күндері кафе, тауда және тағы басқа орындарда жүруге болмайтынын. Өзен – суларға шомылуға, тауға өздіктерімен шығуға, түнгі уақыттарда ата-анасыз жүруге болмайтынын ескертті. Құқық қорғау өкілдері және мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілер, қамқоршылық кеңесінің мүшелері, ата-аналар комитеттерінен рейдке шығатыны жайында ескертті. Оқушылардың ҰБТ-ға, мемлекеттік емтихандарына дайындалуына көмектесіп, қадағалауын ескертті.
Шешімі:
1.Мектеп бітірушілерге жалпы орта білім туралы аттестатын тапсыру кештері білім беру ұйымының қабырғасында ұйымдастырылады
2. Мектеп бітірушілер мен олардың ата-аналарынан ақша жиналмауы
3. Сыбайлас жемқорлық жайында мәліметтермен танысу
4. Балалардың өмір қауіпсіздігін толық жауапкершілікпен қамтамассыз ету.
Мектеп директоры Қыстауов Б.Т.