22
май
2021
Ата-аналар жиналысы
22.05 күні Меркі ауданы, 9 Владимир Савва атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде сақтық шараларын сақтай отырып, жалпы республикалық ата-аналар жиналысы зуммда өткізілді. Жиналысты, мектеп директоры Б.Қыстауов өзі жүргізді. Ата-аналарға 2020-2021 оқу жылындағы мектеп оқушыларының жыл бойындағы қауіпсіздік ережелері мен білім алушылардың жыл бойындағы жетістіктері айтылып, мектептің басқа да жұмыстарымен таныстырып өтті. Жазғы мектеп жұмыстарын және 9-11сыныптың қорытынды аттестаттау бойынша да оқушылардың дайындығын пысықтап өтті. Сонымен бірге, әрбір сынып жетекшілері, ата-аналарға жеке жиналыстар өткізіп жатқанын да ескертті. Ертеңгі 25.05 күнгі Соңғы қоңырау іс-шарасымен, өтілу тәртібін де ескертті. 11-сынып оқушыларының ҰБТ -ға дайындығын, соңғы жинаған балдық көрсеткішітері жайында да әңгімелеп өтті. Жаз мезгілінде балалардың өмір қауіпсіздігін дұрыс қамтамасыз ету баса назарға алынды. Үнемі мектептегі ұстаздармен тығыз байланыста болу керектігін ескертіп өтті.