«Гигиена – денсаулық кепілі!» » "Общеобразовательная школа-лицей имени Мухтар Ауезова"
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Мұхтар Ауезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 24-39-00
Есепші бөлімі:
+7(7263) 24-39-00
Версия
для слабовидящих
16
октябрь
2020

«Гигиена – денсаулық кепілі!»

Владимир Савва атындағы №9 жалпы білім беретін мектеп-лицейінде «Гигиена – денсаулық кепілі!» атты тақырыбында 8-11 сынып оқушыларының арасында жиналыс өткізілді. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Т. Анисова қыздарға жеке бас гигиеналарына байланысты біраз кеңестер айтып өтті. Онда әсіресе 7-8 сынып қыздарының жеке бас гигиеналарын қалай ұстау керек екенін, денсаулықтарын қалай күту керек екені жайында кеңінен сөйледі. Соның ішінде қазіргі таңда қыз балалар үйде қашықтықта ата-аналарының қасында таңғы сегізден бастап компьютердің алдында отыруына байланысты, қыздарға денсаулықтарын күтулеріне байланысты бірнеше жаттығулардың түрімен таныстырып, айтып өтті. Компьютерде дұрыс отыру, ұзақ отырмау, арасында үзіліс жасау, орнынан тұрып жаттығу жасау, билеу, эмоцияларын шығару, ішінен қиналып жүрген сұрақтары болса ата-аналарына немесе сынып жетекшісіне және мектеп психологымен хабарласу сияқты осындай ескертпе сөздер айтты. Жастар денсаулық орталығының меңгерушісі Адешова Халбүбі Жексенбиевна қыз балалардың жеке гигиенасы бойынша қозғалатын проблемалары бойынша кеңестер жүргізді. Кеңес беру барысында қыздардың сән қумай, бояуды бытыстырып жақпай, денеге жабысқан киім кимеу, етегі қысқа киімдер кимеу, шашатарын жайып, өздерін сорақы көрсетпей, айналасындағыларға боянып - сыланып әдемі көрініп, ер адамдардың өздеріне көңілін аударып, ерте жастан жеңілтек атанбау үшін, өз бойындағы табиғи сұлулықты сақтау керектілігі айтылып түсіндірді. Сонымен қатар, жеке бас гигиенасына байланысты видео, слайттар көрсетті.
«Қыз Жібек» қыздар клубының мүшелері Ж.К. Сыдыкова, Л.Е.Нүрсейтова «Әдемі қыз- көзіңе жақын, әдепті қыз – көңіліне жақын» және «Личная гигиена девочек» атты баяндамаларында қыз балаларға жақсы мінез, салауатты өмір салтын сақтауды қалыптастыру, дұрыс күтім жасауға үйрету
туралы айтып өтті.



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив