№ 9 В.А. Савва атындағы орта мектебінде ата-аналар қоғамдық кеңесінің отырысы Хаттама №3
№ 9 В.А. Савва атындағы орта мектебінде ата-аналар қоғамдық кеңесінің отырысы
Хаттама №3
Күні: 12.01.2017 ж
Қаралатын мәселелер:
1.Елбасының кезектен тыс жыл сайынғы халыққа жолдауы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбындағы жолдауды насихаттау.
Бірінші мәселе бойынша мектеп директоры Б.Т.Қыстауов ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 10.01.2018 жылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбындағы жолдауын мектеп ұжымына мектеп директоры Б.Қыстауов, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Анисова, тарих пәнінің мұғалімдері Е.Садыков пен С.Кушанова жолдаудың маңызды міндеттерін оқи отырып, түсіндіріп, талқылау жұмыстарын жүргізді. Мектеп директоры Б.Қыстауов жолдаудағы әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келетінін, 100 нақты қадам –Ұлт жоспары жүзеге асырылуда екенін, 76 қадам - 12 жылдық білім беруді кезең – кезеңмен енгізу, функциалық сауаттылықты дамыту, жоғары сыныптарды жанбасылық қаржыландыруды енгізу, табысты мектептерді ынталандыру жүйесін құруды. 79 қадам- мектептерде ағылшын тілінде оқытуға кезең – кезеңімен көшуді. 89 қадам – Мәңгілік Ел құндылықтарын мектептерде қолданатынымыз жайында әңгімеледі. «Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасы қабылданғанын, Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі дамуының кешенді стратегиялық жоспары жасалғанын, біз дүниежүзілік ЭКСПО мамандандырылған көрмесін өткізу үшін әлемдік қоғамдастық таңдап алған ТМД және Шығыс Еуропа елдері арасындағы бірінші мемлекет болғанымызды,биылғы жылы елордамыз Астананың 20 жылдығының аталып өтетініне тоқталып, жолдаудағы 10 ауқымды міндеттермен таныстырып өтті.
1 Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс.
2 Ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту.
3 «Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі.
4 Көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру.
5 Құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу.
6 Қаржы секторын «қайта жаңғырту».
7 Адами капитал – жаңғыру негізі.
8 Тиімді мемлекеттік басқару
9 Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі
10 «Ақылды қалалар», «Ақылды ұлт» үшін.
Келесі сөз кезегін ақпараттық – насихаттау тобының мүшесі тарих пәнінің мұғалімі Садыков Еркін әр бағытты жіті түсіндіріп, жеке тоқталып өтті. Ондағы цифрлық және басқа да инновациялық шешімдерді әзірлеушілердің экожүйесін дамытуы, ІТ – стандартардың халықаралық технопаркі сияқты инновациялық орталықтардың төңірегінде қалыптасуы, инжинирингтік қызмет көрсетуді дамыту, білім беру жүйесін, коммуникация мен стандарттау салаларын жаңа индустрияландыру талаптарына бейімдеу қажет болатынына тоқталды. Жүк қозғалысы онлайн режімінде бақылап, олардың кедергісіз тасымалдануы үшін және кедендік операцияларды жеңілдету мақсатымен блокчейн сияқты цифрлық технологиялардың ауқымды түрде енгізілуін қамтамасыз ету қажет екенін де айтып өтті.
Директордың тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары Н.Анисова оқушылардың қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгеруі жайында жұмыс жасау керек екенін айтты.
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ынтымақты зейнетақы 8 процентке артатыны. Мүгедектерге, асыраушысынан айырылған және мүгедек балалар тәрбиелеп отырған отбасыларына арналған жәрдемақылар 16 процентке дейін өсетіні.2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы еңбек өтіліне байланысты орташа алғанда 1,8 есе көбейетінін айтып өтті. Бұдан бөлек, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастапкәмелетке толған, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектерді бағып отырған ата-аналарүшін қосымша мемлекеттік жәрдемақыны енгізуді тапсыратынын. Бір ең төменгі күнкөріс деңгейінен кем емес мұндай жәрдемақыны шамамен 14 мың отбасы ай сайын алатынын. 2018 жылы осы мақсатқа 3 миллиард теңгеге дейін қаржы қажет болатынын түсіндірді.
Біз жаңа заманға сай болу үшін төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы тарихи өрлеу бастауында тұрған біртұтас ұлт болуымыз үшін жұмыс істеуіміз қажет екені айтылды.