«Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі» » "Общеобразовательная школа-лицей имени Мухтар Ауезова"
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Мұхтар Ауезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 24-39-00
Есепші бөлімі:
+7(7263) 24-39-00
Версия
для слабовидящих
24
февраль
2020

«Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі»

Владимир Савва атындағы №9 жалпы білім беретін мектеп-лицейі бойынша 2019-2020 оқу жылында мектеп асханасында оқушыларды тегін тамақпен қамту жұмысы барысында «Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі» тақырыбында өткізілген онкүндіктің
Анықтамасы
Мектебімізде тиімді тамақтануды насихаттау мақсатында 17-21 ақпан аралығында «Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі» тақырыбында онкүндіктің жоспары жасалынып, бекітілді. 17 ақпан күні жоғары сынып білім алушыларымен «Адам денсаулығының басты арқауы, салауатты өмiр сүрудiң басты шарты – дұрыс тамақтану» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстел басына 8-10 сынып білім алушыларымен мектеп медбикесі, сынып жетекшілер жиналды. Мектеп медбикесі Қ.Тилеубаева «Тәжірибе бойынша, әрбір екі өлімнің біреуінің өмірін дұрыс тамақтануға байланысты сақтап қалуға болады. Бұл әсіресе, 50 жастан асқан адамдарға қатысты. Осы қауіптің алдын 40-тан 50 пайызға дейін тек тамақ арқылы алуға болады. Сондай-ақ, сүйек сынғыштық, қант диабеті аурулары, бәрі айналып келгенде, «ас - адамның арқауына» байланысты болып отыр.»-деді. Сонымен бірге, тамақтану - адамның тіршілік етуінің басты шарттарының бірі екендігіне тоқталды. Химия, биология пәні мұғалімі Ж.Сыдыкова қан қысы¬мының көтерілуіне бірден-бір себеп ас құрамындағы тұздың шамадан тыс көп болуынан екендігін түсіндірді. Дәруменге бай азық-түліктерді мейлінше көбірек тұтынып, байытылған ұннан жасалған тағамдарды тұтынып, қимыл қозғалысты арттырып, жүйке жүйесін болмашы жағдайларға байланысты қоздырмай, дене шынықтырумен айналысып, зиянды әдеттерге әуестенбей, салауатты өмір салтын берік ұстануға шақырды.
18 ақпан күні мектеп медбикелері мен әлеуметтік педагогтар 5-11 сынып білім алушыларынан «Дұрыс тамақтанып жүрміз бе?» атты сауалнама жүргізіп, қорытындысын жасады.
19 ақпан күні 10-11 сынып білім алушыларымен «Айран ішкен сауығар…» тақырыбында пікіралысу өтті. Яғни айранның адам ағзасына пайдасының қаншалықты екендігі туралы айтылып, өзара пікір аламасты. Толығырақ айтқанда айран көздің көру қабілетін арттырады. Құрамындағы А дәрумені тері қабатының жұмсақ әрі әдемі болуын қамтамасыз етіп отырады.Айран құрамы мен қасиеттері бойынша сүтке ұқсас. Бірақ ұйытылғаннан кейін құрамы өзгеріп, пайдалы бактериялардың саны артады. Медицина тілімен айтқанда олар ағзаға пайдалы бактериялар. Ағзамызда қордаланған зиянды бактерияларды жойып, иммундық жүйемізді нығайтуда бұл бактериялардың пайдасы зор.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив