Дүниежүзілік денсаулық күніне орай өткізілген іс-шаралар » "Общеобразовательная школа-лицей имени Мухтар Ауезова"
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Мұхтар Ауезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 24-39-00
Есепші бөлімі:
+7(7263) 24-39-00
Версия
для слабовидящих
» » Дүниежүзілік денсаулық күніне орай өткізілген іс-шаралар
09
апрель
2019

Дүниежүзілік денсаулық күніне орай өткізілген іс-шаралар

7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күніне орай өткізілген іс-шаралар

Мақсаты: Салауатты өмір салтын сақтау, оқушылардың өнер мен денсаулық туралы түсінік беру. Денсаулықтың негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада жүру екенін балаларға ұғындыру. Денсаулықтың негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада жүру екенін балаларға ұғындыру. Өзін-өзі күте білуге, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу, әдемілікті, сұлулықты сезіне білуге баулу.

7 сәуір –Дүниежүзілік денсаулық күні жыл сайын бүкіл әлемде аталып өтеді. Барша халықты салауатты өмір салты мен денсаулықты жақсартуға шақыратын денсаулық күнінің тарихына келсек, бұл күнді атап өту 1948 жылдың 7 сәуірінен басталған. Осыған орай жоспар жасалынып, іс-шаралар өткізілді. Мектебімізде «Денсаулық-зор байлық» тақырыбында фестиваль өткізілді. Мектеп директоры Б.Қыстауов оқушылар мен ұстаздарды салауатты өмір салты мен денсаулықты жақсартуға, өмір бойы жақсы денсаулықпен ұзақ өмір сүріп, отбасы мен қоғамның белсенді мүшесі болатынына көңіл бөлуге шақырды. Оқушылар жаттығулар жасап, флешмоб ұйымдастырып, бірыңғай би биледі. Дене шынықтыру пән мұғалімдері 5-10 сыныптар арасында спорттық (городки, асық ату, лянга, орта доп, секіртпе, дойбы, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, арқан тартыс) ойындар өткізді. Жарыс соңында жеңімпаз оқушылар мадақтамамен марапатталды.
«Салауатты отбасы» тақырыбында ата-аналар арасында спорттық жарыстар, оқушылар арасында «Спорт –денсаулық кепілі» тақырыбында жарыстар өтті. «Дені саудың жаны сау», «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» тақырыптарында семинар-тренингтер өткізілді. 1-4сыныптың сынып жетекшілері «Дұрыс тамақтану-заманауи өмір негізі» тақырыбында танымдық сағаттарын өткізсе, 6-7 сыныптың сынып жетекшілері «Денсаулық-байлықтан қымбат» тақырыбында тәрбие сағаттарын өткізді. Сынып сағаттарында оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігі, басты байлық екендігі ұғындырылды. Тиімді тамақтанудың денсаулық үшін қажеттілігі туралы түрлі слайдтар мен бейнероликтер көрсетілді.









Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив