30
май
2018
Ел жүрегі – Астана
Владимир Савва атындағы №9 жалпы білім беретін мектебінде 2017-2018 оқу жылынындағы «Ел жүрегі – Астана» атты соңғы қоңырау салтанатты жиынының
Анықтамасы
Мақсаты: 2017-2018 оқу жылының аяқталуы, 11-сынып түлектерінің мектеп қабырғасында 11 жыл білім алып, білім нәрімен сусындаған ыстық ұя мектебін қимастықпен қоштасуға арналған салтанатты жиынды әсерлі, көңілді өткізу. Жас түлектердің естерінде мектеп қабырғасы мәңгілік есте қалуына жағдай жасау.
Мектебімізде 25.05.18 ж күні сағат 9:00 – ден,10:30 аралығында «Ел жүрегі – Астана» атты соңғы қоңырау салтанатты жиыны өткізілді. ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 04 сәуірдегі №4-11-4\1139-И хатына сәйке және «2017-2018 оқу жылын аяқтау және жалпы білім беретн оқу орындары білім алушыларының қорытынды аттесттауын өткізу мақсатында шыққан мектепішілік бұйрық оқылды. Салтанатты жиын мектеп алаңында,бекітілген жоспар бойынша жүргізілді.Салтанатты жиынға биылғы мектеп бітіруші 79 түлек, мектеп оқушылары, ата-аналар, ұстаздар,10 жыл және 30 жыл бұрын бітіріп кеткен түлектер,қонақтар:аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Бөпиева Сапаркүл Тұрғынбайқызы,Сарымолдаев ауылдық округінің әкіміні Бабижанов Сабит Әбілғазыұлы, Меркі ауданы әкімдігінің денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Османов Айваз Магадиұлы, Облыстық маслихат депутаты Хероев Азиз Яшаевич қонаққа келді.
Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы салтанатты түрде кіргізіліп, Гимннің орындалуымен ашылды. Биылғы 2017-2018 оқу жылындағы жетістіктеріміз жайында мектеп директоры Б.Т.Қыстауов сөз алып, мектеп түлектерін, мектеп оқушыларын, мектеп ұжымын,ата-аналарды құттықтай отырып, жетістігіміз жайында тоқтала отырып, марапаттау қағаздарымен ұстаздарды,оқушыларды марапаттап өтті.
Іс-шара жоспары бойынша барлық жоспарланған жұмыстар түгел өткізілді. Мектеп түлектері үй-үйге таратылып, кешкі рейдке бекітілген мұғалімдер бұйрық бойынша жұмыс жасайды.Сонымен қатар жиынға келген қонақтарымыз түлектерді деген жылы лебіздерін білдір, алдағы ҰБТ- дан сүрінбей өтіп, биік белестерден көрінулеріне тілек білдірді. Мектебімізді 10 жыл, 30 жыл бұрын бітіріп кеткен түлектеріміз мектеп ұжымын бүгінгі меркемен құттықтап, дыбыс жазу студиясын сыйлыққа тарту етті.
Жиын 4 сынып оқушыларының «Сарыжаулау» биімен басталып, 1 сынып оқушылары «Ұстазым», 11 сынып түлектері «Қоштасу» әнін орындады. Түлектер мен 1 сынып оқушылары «Моё детство» биін биледі.
Соңғы қоңырау соғу салтанаты мектептің 11 сынып оқушылары- спорт мақтанышы Дауыталы Сабыржан мен Алтын белгі үміткері Ковшик Юлияға берілсе, 1 сыныптың үздік оқушылары Тұрғынбек Нұрла, Османов Кемаль мен Кадирова Инджиге тапсырылды. Жиын соныңда жас түлектер мектеп вальсін билеп, бірыңғай ақ кептерлері мен түрлі түсті шарларын ұшырды.