06
май
2024
Мамыр ынтымақ айы
Мамыр ынтымақ айы
Мектебімізде 2023 – 2024 оқу жылын ұйымдасқан түрде аяқтау мақсатында 4 – мамыр күні 1 – 11 сынып оқушыларының ата – аналарымен мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Мектеп басшысы Н.С. Койшиманова аудандық білім беру бөлімінің хатымен таныстыра отырып, жиналыста Қазақстан Республикасы Оқу – ағарту министрлігінің мамыр айына арналған «Мамыр – Ынтымақ айы» екенін түсіндірді. Сонымен бірге, осы ұсынымды басшылыққа ала отырып, мектептегі 1 – 10 сынып аралығындағы білім алушыларға 2024 жылдың 24 мамыр күні бірыңғай «Білімім - Отаныма» тақырыбында жалпы республикалық тәрбие сағаты өткізілетіні ескертілді.
Мектеп бітірушілерге арналған салтанатты жиын 2024 жылдың 25 мамыр күні сағат 10:00 ден 13:00 – ге дейін, акт залында ұйымдастырылатынын ескертті. Мектеп бітіру салтанатты жиынында:
- Балалардың өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
- Іс – шара барысында дастархан ұйымдастыруға, аниматор, жеке студия мен мерекелік агенттіктерді тартуға, тау бөктеріне экскурсияға шығуына, мейрамханаларда атап өтуге, мектеп бітіруші түлектердің жалға машина алып, автокөліктердің (шеру) қызметін заңсыз пайдалануына жол берілмейтіні
- Бітіру кештерінің мектеп қабырғасынан тыс жерлерде немесе арнайы көңіл көтеретін мекемелерде өткізбеуін ескертіп өтті.
- Әкімшілік пен педагогикалық қызметкерлерге сыйлықтарға мектеп бітірушілер мен олардың ата – аналарынан ақша жиналмауына;
- Мектеп әкімшілігі, педагогтар, ата – аналар, құқық қорғау органдары мен өртке қарсы қызмет көрсету өкілдерінен кезекшілік бекітілетінін айтып өтті.
- Іс – шара барысында мектеп бітірушілер және олардың ата – аналарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізуге тікелей жауапты екендігі де түсіндірілді.
Сонымен қатар, бастауыш сынып оқушылары және басқа да ортаңғы буын оқушыларының мектепке велосипедпен келуге де болмайтыны жайында түсіндіріп өтті. 4-сынып оқушыларының лицей сыныптарына өтуі де нақты ашық түсіндірілді.
Ең бастысы баланың амандығы баса назарда болу қажет.