02
май
2018
1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні
№9 Владимир Савва атындағы жалпы білім беретін мектебінде
«1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні» тақырыбында өткізілген іс-шара
Мақсаты: Өскелең ұрпақты патриотизм рухында, жоғары мәдени-адамгершілік құндылықтарға, Қазақстанның тарихы мен мәдениетін құрметтеуге және қоғамда бірлік пен келісімді сақтауға тәрбиелеуге, басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету.
Бұл күн - әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі. Халық бірлігі мерекесі күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихы мен оның сабақтарын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді.
Осыған орай мектебімізде Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеуге арналған іс – шараның жоспары құрылып, бекітілді.
28 сәуір күні ««Бір шаңырақ астында»» тақырыбында фестиваль өткізілді. Мектеп директоры Б.Қыстауовқа құттықтау сөзі беріліп, оқушыларды, ұстаздарды, барша Қазақстан халқын бірлігі күнімен құттықтап, тілектер айтты. Фестивальға 5 – 7 сынып оқушылары белсене қатысты. Әр сынып өзге ұлт өкілдерінің ұлттық өнері мен ұлттық тағамдарын таныстырып, сол ұлттың ұлттық биін билеп, көрініс көрсетті. Фестиваль соңында мектеп директоры І, ІІ, ІІІ орын иеленген сыныптарды марапаттады.