30
апрель
2021
1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні
Владимир Савва атындағы жалпы білім беретін мектеп-лицейінде 1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай оқушыларға «Бірлік, Достық, Ынтымақ» тақырыбында ұлттар арасындағы іс-шара өткізілді.
Мақсаты- Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып, сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру. Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет – ғұрпын сыйлауға үйрету
Жиынға Сарымолдаев ауылдық округінің әкімі Бабижанов Сәбит Әбілғазыұлы, аудандық маслихат хатшысы Көкірекбаев Муратбек Болысбекұлы, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жантаев Ринат Құдайбергенұлы, аудандық білім бөлімінің әдіскері Ратбаева Сауле Мұратқызы, спорт және туризм бөлімінің жетекшісі Османов А, мәслихат депутаты Хейроеев А, Түрік «Ахыска» этномәдениетінің төрағасы Азизов Яша Мажилисович қонаққа келді.
Жиынымыз Қ.Р-ның Мемлекеттік Гимнмен ашылды. Мектеп директоры Б.Т.Қыстауов және келген қонақтар мектеп оқушылары мен ұстаздарын 1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күнімен құттықтады. Жиын барысында дарынды оқушыларымыз өздерінің бірлік, ынтымақ, достық туралы өлең жолдарын айтып өтті. Сонымен қатар 5-7 сынып оқушылар өздері дайындаған қазақ, өзбек, қырғыз, түрік, орыс, кәріс, әзербайжан т.б ұлт өкілдерінің ұлттық билерін көрсетті. Жиынымыз 7 «А» сынып ұлдары «Біз қазақтың баласымыз!» атты әнімен аяқталды. Жиын соңында Түрік «Ахыска» этномәдениетінің төрағасы Азизов Яша Мажилисович оқушыларды марапаттап, бағалы сыйлықтармен табыс етті. Мереке өз жалғасын таппақ.