18
май
2023
«Мектеп тәрбиесіндегі ата-ана рөлі»
«Мектеп тәрбиесіндегі ата-ана рөлі»
15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай «Мектептегі бір күн» жобасы аясында мектебімізде 'Ашық есік' күні ұйымдастырылды.
2023 жылдың мамыр айының 11-жұлдызында ата-аналар үшін «Мектеп тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі» тақырыбымен «Ашық есік» күні өтті. Мақсаты: Оқу-тәрбие жұмысын жан-жақты бақылау, оқушылардың шығармашылық біліктіліктерін дамыту және білімді насихаттау, ата-аналар үшін педагогикалық ағарту ісін ұйымдастыру, отбасылық қауымды мектеп қызметіне белсене араласуға тарту.
Шақырылған ата-аналар бағдарламаға сәйкес іс-шараның барлық түріне, сабақтарға, тәрбие сағаттарына қатысып, оқу процесімен жақынырақ танысты.
Мектеп психологы Абашева С. С. ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған тренинг жүргізіп, өзара пікір алмасу, сұхбат жүзеге асырылды.
Сынып жетекшілер Сейтова А.П., Сулаева Г.М., Гайдукова Т.В. тәрбие сағатын жүргізіп, іс-шара соңында ана-аналар кері байланыс жасау арқылы алған әсерлері мен түйген ой-пікірлерімен бөлісті.
https://www.facebook.com/photo/?fbid=972751397500535&set=pcb.1928881337489144