«Менің ата тегім. Ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі» » "Общеобразовательная школа-лицей имени Мухтар Ауезова"
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Мұхтар Ауезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 24-39-00
Есепші бөлімі:
+7(7263) 24-39-00
Версия
для слабовидящих
» » «Менің ата тегім. Ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі»
01
декабрь
2022

«Менің ата тегім. Ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі»

Жас отбасы клуб жұмысы. Жетекшілері: Османова Х, Есенжанова А
Тақырыбы: «Менің ата тегім. Ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі». 
Мақсаты: 
- Ата—аналармен танысу, топ ережелерін құрастыру;
- Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату; 
Ата-аналар жиналысы 1-сыныптың ата аналары арасында өткізілді. Әр сыныптан 3 ата-анадан шақырылды. Ата-аналарды акт залына түрлі түстермен 3 топқа бөліп отырғызылды. 
1. Сәлемдесу. Клуб жетекшілері ата-аналармен сәлемдесу мақсатында «Қайырлы күн» сөзін  бірінші жай дауыспен, орташа дауыспен және қатты дауыспен айтайық. Ата-аналардың көңіл күйлері көтеріліп, бір-біріне жағымды көңіл-күй сыйлады. Топ мүшелерімен «Алтын ереже» құрастырылды.
2. Танысу.  «Біз жайлы мәлімет» танысу жаттығуы өткізілді. Әр қатысушы өзінің  және баласының есімін және тек баласы екеуіне ған тән ортақ қасиетті айтты. Ата – аналар бір бірімен  танысып, бір-бірлері жайлы жаңа  әрі қызықты ақпарат алды. 
3. «Мен баламнан күтемін...», «Мен ментептен күтемін...» жаттығуы өткізілді. Бұл жаттығуда ата-аналар өздерінің балаларынан және мектептен не күтетіні жайлы өз ойларымен бөлісті.
4. «Гүл (Цветок)» жаттығуы. Бұл жаттығу барысында топ жетекшісі ата аналарға Гүл өсуі үшін не керек?, Гүл өсуі барысында оған қандай күтім жасайды?, Гүлдің өсуіне не кедерге жасайды? деген сұрақтар қояды. Ата-аналар сұрақтарға жауап береді. Топ жетекшісі соңында өз қорытындысын айтады. Осы жаттығуды ары қарай толықтырып «Үлкендер және балалар» атты жаттығу өткізілді. Бұл жаттығуды орындау үшін әр топтан 3 ата-ана ортаға шықып, топ құрды. Әр топқа кітап және кішкене доп беріледі. Сол допты кітаптың үстіне қойып, кедергілерден допты түсіріп алмай өтеді. 
Әр топқа мынадай сұрақтар қойылады:
- Сіздерге жаттығу оңай болды ма?
- Сіздерге не кедергі жасады және неге?
- Сіздердің тобыңызда басқарып жүрген бір көшбасшы болды ма?
- Осы ойын барысындағы сізді  қандай ой мазалады?
Ата-аналар сұрақтарға жауап берді. Бұл жаттығу мақсаты оқушыларды мектепке дайындау. Доп-оқушылар, үлкендер-ата-аналар, ұстаздар. Оқушылар мектепке келгеннен соң оларда белгілі бір кедергілер пайда болды, сол кедергілерден үлкендердің көмегі арқылы өткізілді. Яғни мектеп табалдырығын алғаш аттан оқушы үшін ата-аналардың, ұстаздардың қолдауы өте қажет екеендігі айтылды.
 5. Топпен жұмыс. Жағдаяттық сұрақтар. 
Әр топқа 3 түрлі жағдаяттық сұрақтар берілді. 
І-топ. «Опять двойка»
ІІ-топ. «Синяк»
ІІІ-топ. «Подкуп»
Осы берілген сұрақтарды топта талқылап, осы жағдайдан  қалай шығамыз, қалай жасағанымыз дұрыс деген сияқты ата-аналар өз пікірлерімен бөлісті.
6. Жиналыс соңында ата-аналарға бейнебаян көрсетілді. 
Кері байланыс. Ата-аналарға стикерлер таратылып берілді. Бүгінгі ата-аналар жиналысы туралы өздерінің пікірлерін білдірді және алдағы ата-аналар жиналысы қандай тақырыпта болғанын қалайтындары туралы жазды. 
Ата-аналар рақметін айтып, үлкен алғыстарын айтып жатты.






Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив