24
февраль
2022
«Тәрбие отбасынан басталады» атты кездесу
24.02.2022 күні 5"Д" және 5 "Г" сыныптар арасында «Тәрбие отбасынан басталады» атты кездесу тәрбие сағаты 221 кабинетте өтілді. Кездесудің мақсаты ғасырлар бойы жалғасын тауып келе жатқан, топ бастайтын, отбасы тәрбиенің қайнар көзі екендігін санамызда жаңғырту. Үш тұлға: ата-ана, бала, ұстаз арасындағы ашық әңгіме арқылы ұлттық қазақы тәрбиемізді оқушы санасына сіңіру. Жас жеткіншектерді ата-ананың қадірін, қасиетін, өнегелі өмірін, үлкеннің ақыл кеңесін тыңдауға, инабаттылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу. Бала тәрбиесінде ата-ананың орынының ерекше екендігін түсіндіру
Оқушылар өз ойларын еркін және анық жеткізе білді. Барлығы белсенді қатыса отыра, отбасында болатын проблемаларды талқыладық. Яғни балалардың тәрбиесі ең бірінші отбасынан басталатындығы айтылды.
Әр топтың оқушылары отбасы туралы тақпақтар айтты. Әр бала - дара тұлға. Бала тәрбиесінде жаман қылықтар көрсетуден аулақ болып, балаға үлгі бола алсақ жан-жақты дамыған, шығармашылық қызығуы бар ұрпақ тәрбиелей аламыз. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дегендей жақсы тәрбие беру ата-ананың парызы.