03
февраль
2021
" Мені - ананың қолдауы мен түсінуі"
Бүгін үшінші ақпанда Владимир Савва атындағы 9 ЖББМЛ- де Zoom платформасы арқылы "Аналар клубының" ұйымдастыруымен " Мені - ананың қолдауы мен түсінуі" атты іс - шара ұйымдастырылды . Іс - шарамызға мектебіміздің зейнеткер ұстазы, дана анамыз , асыл әжеміз Тоқтангүл Смағұлқызы және аналар мен оқушылар қатысты. Тоқтангүл Смағұлқызы өзінің аналық , әжелік тәжірибесімен бөлісіп, көптеген ана мен бала арасындағы тәрбие туралы пікірлерімен бөлісті. Басқада аналар тәрбиеге қатысты өз пікірлерін айтты. Оқушыларымыз аналарға өз өлең жолдарын арнады. Іс- шара жоғары деңгейде өтті. Осындай іш - шараның арқасында ана мен баланың, оқушы мен ұстаздың арасындағы қарым- қатынас жақсарып, үлгілі, өнегелі , болашағы жарқын шәкірттердің шығатыны нақ. Осындай жұмыстар әрі қарай өз жалғасын табуда. Іс - шараны ұйымдастырғандар: Рахаева Ұлжан, Абдрахманова Жанар.