08
апрель
2020
Владимир Савва атындағы №9 жалпы білім беретін мектеп-лицейінің ата-аналары мен оқушылары!
Құрметті Меркі ауданы Владимир Савва атындағы №9 жалпы білім беретін мектеп-лицейінің ата-аналары мен оқушылары! Бүгінгі күні коронавирустың таралуына қарсы күрес шараларын күшейту кезінде еліміз бойынша мектеп оқушылары төртінші тоқсанды 6 сәуірден бастап қашықтықтан оқыту форматында бастайтыны бәрімізге мәлім. Осыған орай қазіргі таңда біздің мектептің әкімшілігі, әдістемелік бірлестік жетекшілері, ұстаздар қауымы да қашықтықтан оқытуға ауысу бағытында жұмыстар атқаруда. Мұғалімдеріміз әдеттегі дайындыққа қоса ақпараттық құзіреттілігін күшейту бойынша жұмыс жасауда. Сабақ барысында мұғалімдер цифрлық білім беру ресурстарымен, электронды оқулықтармен, электронды журнал жүйелерімен бұған дейін де жұмыс жасайтын. Бұның өзі цифрлық жүйеде жұмыс жасаудың қандай да бір тәжірибесі бар екенінің анық көрінісі.
Құрметті ата-аналар, біріншіден бұл мәселеге сіздер түсіністікпен қарауларыңызды, балаға қашықтық арқылы оқу материалын игеруге көмек беріп, мұғаліммен оқушы арасындағы байланыстың орнауына ықпал етіп, қажетті нәтижеге жету үшін өз көмегіңізді беруді сұраймыз. Тек осылай бірлесе жұмыс жасау арқылы біз оқу үрдісін дұрыс ұйымдастырып, балаларға қажетті білім мен құзіретін бере аламыз. Осындай сын сағатта бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып балаңыздың жаңа форматта білім алуына, нәтижеге жетуіне ықпал етіп, көмек көрсетуіміз біз үшін өте маңызды екенін айтқым келеді. Осындай елдегі жағдай елеңдетіп, әлемдегі жағдай алаңдатып отырғанда, мектеп ұжымына қолдау көрсетулеріңізге және бірлесе отырып, бұл сынақтан ойдағыдай абыроймен өтетінімізге сенім білдіремін. Құрметті ата-аналар, Біз бірлесе отырып бар қиындықты жеңеміз!