13
январь
2020
Т.Рысқұловтың туылғанына 125 жыл толуына орай өткізілген дөңгелек үстел
Владимир Савва атындағы №9 жалпы бңлңм беретін мектеп-лицейінде Т.Рысқұловтың туылғанына 125 жыл толуына орай
өткізілген дөңгелек үстел
Анықтамасы
өткізілген дөңгелек үстел
Анықтамасы
Бүгін 26 желтоқсан, Еліміздің қоғам қайраткері, ел мақтанышы, Елінің Егеменді ел болуын армандаған азамат - Тұрар Рысқұловтың туылған күні. Осыған орай, Владимир Савва атындағы №9 жалпы білім беретін мектеп-лицейінде Тұрар ағамыздың 125 жылдығына арналған, өзі оқыған мектепте дөңгелек үстел өткізілді. Мектеп директоры Б.Қыстауов іс-шараны жүргізе отырып, келген қонақтармен таныстырды. Кезінде Тұрар ағаның жары Әзиза апамыздың көзін көрген Республикамызға танымал ақын апамыз -Шырын Мамасерікқызы, қоғам қайраткері, Мақсұт Жылысбаевтың жақын туысы, бүгінде - Сарымолдаев ауылдық округінің ақсақалдар кеңесінің төрағасы, Меркі ауданының құрметті азаматы - Жылысбаев Байсейт аға, Журналист, «Меркі Ақиқат» газетінің бас редакторы, Меркі ауданының құрметті азаматы, қазіргі таңда зейнеткер - Құралбаев Серік аға, зейнеткер ұстаз – Әлимбаев Айдар аға, аудандық, «Тарихи-өлкетану» мұражайының директоры - Базилов Айдын мырза, Сарымолдаев ауылдық округінің әкімі- Бабижанов Сәбит Әбілғазыұлы қатысып, Тұрар аға жайында деректермен бөлісіп, ойларын ортаға салды. Сонымен Тұрар Рысқұлов жайында видеофильмдер көрсетіліп, «Бала Тұрардан – Рысқұловқа дейін» тақырыбында баяндама оқылса, мектеп оқушылары өздері ізденіп, келген деректермен бөлісті. Кезінде Тұрар өзі білім алған орыс – түземдік мектебі, бүгін бәрімізді қолдап отырғандай сезіндік». Сонымен бірге Андас батыр ауылының тұрғыны, ардагер – ұстаз, атақты компазитор Сыдық Мұхамеджановтың нағашы інісі, зейнеткер Айдар Әлімбаев ақсақал, Т.Рысқұловтың өзі талай жыл пайдаланған портфель-планшетін музейге салтанатты түрде тартулады.