18
ноябрь
2018
Kundelik.kz жүйесі
Владимир Савва атындағы №9 жалпы білім беретін мектеп-лицейінде «Kundelik.kz» электронды журнал
«Электрондық оқыту жүйесі» жобасы 2011-2020 жылдарға арналған білімді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында мектебімізде 2017-2018 оқу жылынан бері «Kundelik.kz» электронды журнал толтыру жүргізілуде.
Берілген жобаның мақсаты: сапалы білім беру қорларын дамыту, сонымен қатар ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану негізінде осы білім беру ресурстарына теңдәрежеде қолжетімділікті қамтамасыз ету болып табылады. Осылайша, әрбір үйренуші кез келген уақытта республиканың барлық жерінен сандық білім беру ресурстары мен ақпараттық жүйенің сервистерін қолдана алады. Электрондық оқыту жүйесінің платформасы білім беру ұйымдарының басқару үдерістерін, оқу үдерісінің жоспарлауы мен жүргізілуін, оқушылар мен мұғалімдердің, мектептегі іс-қағаздарды жүргізілуінің және білім беру ұйымдарындағы есептілікті алуды автоматтандырады. Мұғалімдер мектеп пәндері бойынша сабақтарын дайындау үшін платформаға, сандық білім беру қоры формасындағы қосымша материалдары бар электрондық кітапханаға кіруге мүмкіндік алды. ЭОЖ мұғалімнің барлық жұмыс оқу жоспарлары мен күнтізбелік-тақырыптық жоспарлары электрондық оқыту жүйесіне орталықтандырылып жүктелген типтік оқу жоспарлары мен бағдарламалардан құралады.
2018-2019 оқу жылында 172 - қызметкер, 1428 - оқушы, 937 ата-аналар «Kundelik.kz» электронды журнал жүйесіне тіркелді. 67 сынып және 8 сынып үйде оқытылатын балаларға сыныптар құрылды. Әр сыныпқа 1 – ші ауысым және 2-ші ауысым бойынша мектептің қоңырау кестелері енгізілді. Әр сыныпқа есептік кезеңдер құрылды. Есептік кезеңдер бойынша әр сыныпқа жылдық сабақ кестелері енгізілді. Пән мұғалімдері өз пәндері бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау енгізуде.
Оқушылардың электрондық күнделіктерін ата-аналар және оқушылар өз пайдаланушының аты және құпия сөз арқылы көруге болады. Сынып журналдарында қойылған бағалар негізінде үлгерім бойынша есептілік автоматты түрде қалыптасады. Электрондық оқыту жүйесін қолдану кезінде білім беру үдерісінің белсенді қатысушысы ата-аналардың болуы өте маңызды.
Ата-аналар күнделікті өз балаларының үлгерімі мен сабаққа қатысуы туралы сенімді ақпараттарды ала алады, мектеп әкімшілігімен және педагогикалық құраммен байланыста бола алады; білім беру жүйесіндегі жаңалықтар туралы біле алады, мектеп өмірі мен өз баласының өміріне көбірек белсенді қатыса алады, сұрақтар қоя алады, өз баласының тәрбиесі мен біліміне қатысты ұсыныстар жасап, педагогтардан кеңес ала алады.